Күрес • 05 Қараша, 2018

Ақтауда дзюдодан Азияның ашық кубогы аяқталды

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тұрар Жолдыбаевты еске түсіруге арналған айтулы жарыста жеті мемлекеттен келген 100-ден аса балуандар бақ сынады.

Ақтауда дзюдодан Азияның ашық кубогы аяқталды

Ерлер сайысында Грекия құрамасының қарқыны өте күшті болды. Ежелгі Эллада елінен келген өрендер арасынан Гергиос Азойдис (73 кило), Алексиос Нтанацидис (81 кило) және Зеодорос Целидис (90 кило) ешкімге дес бермей, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Жерлестеріміздің қатарынан Сұңғат Жұбатқан (66 кило) мен Әділ Оразбаев (+100 кило) жеңімпаз атанса, өзбекстандық Кемран Нуриллаев (60 кило) пен тәжікстандық Сайджалол Сайдовқа (100 кило) да бас жүлде бұйырды.

Әйелдер сайысында сарапқа салынған алты алтынның бесеуін қазақстандық арулар еншіледі. Олар – Әйгерім Әбілқадірова (52 кило), Анна Казюлина (57 кило), Иоланта Бердібекова (63 кило), Зарина Раифова (78 кило) және Қарлығаш Берліқаш (+78 кило).  Сондай-ақ, грекиялық Элизавет Телцидоу (70 кило) да өз салмақ дәрежесінде топ жарды.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»