Қоғам • 06 Қараша, 2018

Фотокөрмеде – «Жақсы дәрігер»

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақ халатты абзал жандардың машақатты жұмысын халыққа танытып, олардың қоғамдағы мәртебесін көтеру және науқастармен шынайы қарым-қатынас орнату мақсатында Астанадағы Ұлттық музейде «Жақсы дәрігер» тақырыбымен фотокөрме өтті. Екі күнге созылатын әлеуметтік жоба аясында тегін медициналық тексерулер және жұмыспен қамту жәрмеңкесі ұйымдастырылуда.  

Фотокөрмеде – «Жақсы дәрігер»

Көрмеге елордадағы Ұлттық нейрохирургия орталығы, Рес­пуб­ликалық балаларды оңалту орталығы, Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығы, №2 қалалық көпбейінді аурухана және №1 қалалық аурухана, сондай-ақ жекеменшік медициналық орта­лықтардың жұмысын көрсете­тін 126 фотосурет қойылған. Суреттерді «Sultan magazine» борттық журналының фотографы Марат Әміров үш апта жүріп түсіргенін айтады.

2016 жылдан бері төрт тілде жарық көріп келе жатқан «Sultan magazine» борттық журналының бастамасымен өткен әлеуметтік жобаға «Нұр Отан» партиясы мен Астана қаласының №2 көп­бе­йін­ді ауруханасы қолдау көрсеткен. 

«Елбасының жаңа Жол­дауында қазіргі заманға сай медицина сапасын көтеру керектігі айтылды. Қаншама мыңдаған дәрігерлердің ажалға арашашы болып, күнделікті ерлік істеп жатқанын көп біле бермейміз. Бүгін фотокөрме ар­қылы соған куә болдық. Еліміз­дегі жеті медицина уни­вер­ситеті медицина саласының мамандарын дайындайды. Жақсы дәрігерлеріміз өте көп. Соларды наси­хаттайтын, халықпен шы­найы қарым-қатынас орна­туға жол ашатын осындай бас­тамалардың болғаны қуан­та­ды», деді көрмеге арнайы қатыс­қан Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының ректоры Мырзабек Рысбеков. 

Әлеуметтік жоба аясында тіс дәрігері, невропатолог, кардиолог, педиатр, терапевт, психолог және косметолог дәрігерлер көпшілікті тегін тексеруден өткізуде. 

Майгүл СҰЛТАН, 

«Егемен Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше