Аймақтар • 06 Қараша, 2018

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері жас сарбаздармен толықты

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері мен құрамаларында 2018 жылғы күзгі шақырылымның жас толымымен жалпыәскери дайындық курсы өтуде. Биылғы жылы «Батыс» ӨңҚ бөлімшелерін Қазақстанның барлық өңірлерінен Қазақстанның барлық өңірлерінен 500-ден аса мерзімді қызметтегі әскери қызметші толықтырды.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері жас сарбаздармен толықты

Сабақтар барысында келген әскери қызметшілер жалпыәскери дайындықтың негіздерін зерделейді, әртүрлі күнделікті қызметтік жұмыстарда білім мен іс-қимыл машықтарын жинақтайды. Жаңа жағдайларға жас толымның бейімделуі үшін тәжірибелі офицерлер мен сержанттар тағайындалды.

Жас толымды зерделеу барысында білім деңгейі мен мамандықтың болуына, мінез-құлық ерекшеліктері мен іскерлік қасиеттерге, әр әскери қызмтешінің жеке ерекшеліктеріне аса мән беріледі. Жалпыәскери дайындық курсы аяқталған соң мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер Әскери ант қабылдайды.

Ағымдағы жылдың күзінде ҚР Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына 1992-2000 жылдары туылған 17 мыңнан аса азаматты шақыру жоспарлануда.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы