Хоккей • 07 Қараша, 2018

Минскіде шайбалы хоккейден жарыс өтеді

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең Беларусьтің астанасы – Минскіде шайбалы хоккейден 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында халықаралық турнир басталады.

Минскіде шайбалы хоккейден жарыс өтеді

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы бұл жарыста мына шәкірттеріне сенім артып отыр: Қақпашылар – Максим Павленко мен Владислав Пестов. Қорғаушылар – Владислав Комаров, Бексұлтан Топаш, Евгений Фокин, Хақназар Кеңесбай, Абылайхан Сүлейменов, Мәди Жақан, Әділбек Тілеу. Шабуылшылар – Батыр Марқабаев, Ақтан Бақытжанов, Аңсар Шахймедденов, Степан Рифель, Станислав Александров, Шәил Аблатипов, Әли Қасенов Али, Шыңғыс Увалиев, Темірлан Бейсембиев, Дмитрий Колодюк, Абай Маңғысбаев, Николай Дунаев және Әлен Жәкежанов.

Жерлестеріміз алғашқы ойынын ертең Лавтия құрамасына қарсы өткізеді. 9 қарашада айдын иелерімен күш сынасамыз. Ал 10 қарашада Ресеймен шеберлік байқасамыз.

Ал шайбалы хоккейден Қазақстанның ұлттық құрамасы бұл күндері Будапеште жүр. Бүгін «Еурошақыру» турнирінің тұсаукесер бәсекесінде отандастарымыз Венгриямен айқасады. Ертең Оңтүстік Кореямен кездесеміз. Ал 9 қарашада Италияға қарсы ойнаймыз.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»