Аймақтар • 07 Қараша, 2018

Алматыда Erasmus+ бағдарламасының ақпараттық күні өтті

1468 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Білім және ғылым министрлігінің және Алматы аймақтық ректорлар Кеңесінің, Еуропалық Комиссияның білім беру, аудиовизуалды және мәдениет жөніндегі Атқарушы Агенттігінің қолдауымен, Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі мен Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесінің ұйымдастыруымен Erasmus+ бағдарламасының ақпараттық күні өтті.

Алматыда Erasmus+ бағдарламасының ақпараттық күні өтті

Еуропалық бағдарламалардың маңыздылығына және ерекшеліктеріне тоқталып өткен университет ректоры, Алматы аймақтық ректорлар Кеңесінің төрағасы Такир Балықбаевтың айтуынша,  Эраcмус+ бағдарламасы білім беру жүйесін тұрақты дамытып, тиімділігін арттыру арқылы қазақстандық білімді халықаралық деңгейге көтеруге ықпал етеді. Бағдарламалар оқытушыларымызға және студенттерге жоғары білім беруде мол тәжірибе жинақтауға, бәсекеге қабілетті болуға әрі кәсіби деңгейін көтеруге қолайлы.

Эраcмус+ бағдарламасының Ақпараттық күніне, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев, ҚР-дағы Француз Елшілігі Бас консулдығының университеттік ынтымақтастығы бойынша атташесі Жиль Меметц, Қазақстандағы Эраcмус+ бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі Шайзада Тасболатова, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, республикамыздың өңірлерінен келген жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Шара аясында Шайзада Тасболатова бағдарламаның жаңа жобалары, конкурстарға қатысу ерекшеліктері туралы баяндап, Эраcмус + бағдарламасына қатысам деушілерге арналған жобаларды қаржыландыру бойынша кеңестер берді. Іс-шара барысында Эрасмус + бағдарламасының Ұлттық кеңсесінің өкілдері өздеріне қойылған сұрақтарға жауап берді.

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ