Әдебиет • 08 Қараша, 2018

Қазақ жазушысы Букер сыйлығына ұсынылды

225 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Қазақ жазушысы Букер сыйлығына ұсынылды

Жақында «Hertfordshire Press» британдық баспа­ үйі Сәуле Досжанның «The tra­gedy of a bastard» және «My own strange heart»­ ат­ты үздік новеллалары енген проза жинағының ағыл­шын­ тіліндегі нұсқасын Ха­лық­аралық «Букер» әде­би сыйлығына ұсынды. Жазу­шының шығармалар жинағын ағылшын тіліне Елден Са­ры­­бай тәржімалады. Бұл аса­ беделді әдеби сый­лық­тың­ шорт-парағына ілін­ген же­­ті үміткердің әр­қай­сы­сы 1000 фунт-стерлинг кө­ле­­мін­де сыйақы алады.­ Ха­­лық­аралық Букер сыйлы­ғы­ның шорт-парағына ілін­ген қаламгерлердің тізімі әлі жария болған жоқ. Бірақ әлем оқырмандары беделді сый­лықтың финалистері кім­дер болуы мүмкін деп, өз жора­малдарын да ұсынып үлгер­ген. 

Айта кетейік, жеңімпаз кі­тапқа 50 мың фунт-стерлинг көлемінде сыйақы беріліп, бұл сома автор мен аудармашыға тең бөлінеді.

Жазушының бұрын еш­­­­­қай­­да жарық көрмеген «The­­­ tragedy of a bastard» («Көрдем­шенің қасіреті») хикаяты бри­­тан­дық рецензенттер тара­пынан жақсы пікірге ие бол­ған. Танымал әдеби сыншы Кэролайн Уолтон «Our dear ancestors said honour is more valuable than life» («Біз­дің қа­сиетті бабаларымыз өмір­­ден де қымбат – ар екенін ай­­тып өткен») рецензиясында «Көрдемшенің қасіреті» хикая­тының идеясы терең еке­нін атап өтеді. Хикаят же­ті атадан қан араластырмау­ салтын ұстанып келген текті халық ұрпақтарының ұсақталып, азып бара жатқаны туралы ұлт ­тағдырына қатысты үлкен проб­леманы көтереді.

Мөлдір қыз бен Нұржан ат­ты некесіз туған жас жігіт­тің махаббаты сыналар алаң­да – салт-дәстүр, отбасы құн­ды­лықтарына байланысты күр­меуі қиын мәселелер, басы ашық дау мен ұзаққа созылып,­ шығарма аяқталғанда да соң­­ғы нүктесі қойылмаған тар­тысқа толы екі отбасының өз іші, ошақ басы.

Хикаяттағы проблема – «көр­­демше бала» – Нұржан­ның анасы Мәрзияның «отызды орталағанша оң жақта отырып қалуынан» туындайды. 
«Көрдемшенің қасіреті­нен» басқа Сәуле Досжан ше­тел­дік оқырманға өзінің ерек­ше туын­дысы «My own strange heart» («Өгей жүрек») шығар­масын да ұсынған. Бұл – Қазақстанда алғаш рет жүрек алмастыру ота­сын жа­­са­ған хирург дәрігер – Юрий Пя мен ауру Жәнібек Оспановтың басынан өткен оқиғаға құрылған дүние. Бұл шығарма Қазақстан меди­цинасының жеткен жетістігін сөз етеді. Оқиға өте тартыс­ты өрби­тіндіктен оқырманды бір­ден баурап алады. 

Сәуле Досжан есімі көзі қа­рақты оқырманға жақсы тан­ыс, ол – бірнеше кітаптың авторы, белгілі ақын, жазушы. Халықаралық әйел жазушылар гильдиясының (International Women Writing Guild) және Еуразия шығармашылық гильдиясының (ECG) мүшесі. 

Сәуле Досжан Швецияның Стокгольм қаласында өткен «Open Eurasian Literature Festival and Book Forum-2017» бай­қауында жүлделі ІІІ орынды иеленген.

Анар ҚАБЫЛҚАҚ,

әдебиеттанушы

Соңғы жаңалықтар