Қазақстан • 08 Қараша, 2018

Қостанайлық оқушы халықаралық WorldSkills Hi-Tech чемпионатынан 2 орын алды

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай қаласындағы М.Горький атындағы гимназияның 10-сынып оқушысы Анастасия Димұхаметова  Екатеринбург қаласында өткен халықарарлық білім сайысынан екінші орынды иеленіп қайтты. Ол  беделді байқаудың 14-16 жастағы балалар үшін «Инженерлік дизайн, машина жасауды жобалау» аталымына қатысқан болатын. 

Қостанайлық оқушы халықаралық WorldSkills Hi-Tech чемпионатынан 2 орын алды

Талантты қыздың халықаралық білім жарысына дайындалуына ұстаздары Андрей Лисовский мен Галина Лисовская жетекшілік жасады. Биыл WorldSkills Hi-Tech чемпионатына Ресейдің өзінің барлық шалғайынан және 9  елден 597 үміткер қатысты. Оған Ресейден және басқа елдерден 450 сарапшылар келді. Ресейдің өндірісті Екатеринбург қаласындағы «Екатеринбург-Экспо» халықаралық көрме орталығында үш күн бойы өткен байқауда 40 құзырет бойынша 36 команда бақ сынасты. Онда негізінен машина жасау ісіне маңыз берілді.

«Біздің оқушылар бұл жарысқа бұрын да қатысқан еді. Онда үшінші орын алған болатын, Биыл екінші орынды иелендік. Байқауда робот техникасы, машина жасау және басқа да  аталымдар бар. Біз «Инженерлік дизайн» бағытын таңдадық. Настя 4 жылдан бері машина жасау ісін жүргізетін қосымша сабаққа қатысып келеді» дейді мұғалімі Андрей Лисаковский. Әдетте, машина жасау, құрастыру, робот техникаларына ер балалардың ынтасы мол болады. Ал гимназияда Анастасия осы бағытты таңдады. Мұғалімдері оның дарындылығын байқайды.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай