Аймақтар • 08 Қараша, 2018

Талдықорғанда ректорлар форумы өтіп жатыр

576 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорғандағы  І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде Еуропа Одағы мен Орталық Азия жоғары оқу орындары өкілдерінің қатысуымен Ректорлары форумы өтіп жатыр. «Болашақтың университеті: цифрландыру және академиялық дәстүрлер» атты тақырыппен басталған шараның алғашқы күнінде «Цифрлы Қазақстан»  бағдарламасының білім саласында жүзеге асуына қатысты жетістіктер таныстырылып, мәселелер ортаға салынбақшы.

Талдықорғанда ректорлар форумы өтіп жатыр

Қазір елімізде  Еуропа Одағы мен Орталық Азия мемлекеттері жоғары оқу орындарының    білім беру үрдісін цифрлы жүйеге көшіру бойынша тәжірибе алмасу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Форумда Еуропалық университеттердің сандық жүйеге көшуі және интернационалануы, ғылым саласындағы жаппай байланыс жүйелерінің жаңа реформалары, халықаралық ынтымақтастықты дамытудың жаңа жолдары талқыға салынуда. Және осы шара аясында халықаралық байланысты нығайту, бірлескен білім бағдарламаларын құру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және  озық тәжірибелерді тарату бойынша да пікір алмасу өтпекші.

Форумның екінші күнінде Ал форумның екінші күні «Рухани жаңғыру – Қазақстанның серпінді дамуының негізі» атты тақырыппен жалғасып, ғылыми-тәжірибелік конференцияға ұласады. Мұнда ректорлар «Рухани жаңғыру» контексінде рухани құндылықтарды модернизациялау», «Өңірде «Рухани жаңғыру»  бағдарламасын жүзеге асыру жағдайы» және тағы басқа да тақырыптар бойынша баяндамалар оқымақшы.

Форумға Эстония, Латвия, Польша, Венгрия, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстан жоғары оқу орындарынан жиырмаға жуық ректорлар мен проректорлары, сондай-ақ  отандық  университеттер басшылары мен ғалымдар қатысуда. 

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы