Қ. Әбдірахманов Қытайдың Қазақстандағы жаңа Елшісімен кездесті

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ҚХР-дың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяоны қабылдады және дипломаттың қызметіне жақында кірісуімен құттықтай отырып, Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестікті алға жылжытуда табыстар тіледі, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хабарламасы.

Егемен Қазақстан
10.11.2018 2778
2

Кездесу барысында екіжақты саяси қатынастардың жай-күйі мен келешегі, Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, қауіпсіздік проблемалары бойынша өзара ықпалдастық талқыланды. Өзара қызығушылық тудыратын қазіргі заманғы өзекті мәселелердің бүкіл спектрі бойынша диалогты дамытудың маңыздылығы айрықша атап өтілді.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХР-ға мемлекеттік сапары және оның 2018 жылдың маусым айында ШЫҰ Саммитіне қатысуы қорытындысы негізінде қол жеткізілген екіжақты келісімдерді жүзеге асыру барысын талқылауға ерекше назар аударылды.

Қ. Әбдірахмановтың айтуынша, Астана мен Пекин арасындағы жан-жақты табысты ынтымақтастық, негізінен ерекше достық және сенімді қатынастар орнатқан екі ел басшылары күш-жігерлерінің арқасында мүмкін болды. Соңғы жылдары «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық жобасын «Белбеу және жол» бастамасымен ұштастырумен қатар, бірқатар ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылды.

Қытай Қазақстанның ірі сыртқы сауда серіктесі болып табылады, сонымен бірге Астана, Қазақстанның өнімдерін, ең алдымен ауыл шаруашылық өнімдерін қытай нарығында кеңейтуге мүдделі. Осы жылдың қыркүйек айында Астана қаласында «Белбеу және жол» бастамасының 5 жылдық мерейтойына орай 130-дан астам қытайлық іскерлік топтар өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылған бизнес-форумның нәтижесі жоғары бағаланды. Тараптар Өндірістік қуаттарды дамыту бағдарламасын одан әрі іске асыруға қызығушылық танытты. Бүгінгі күні жалпы құны 27 млрд. долл. құрайтын 51 бірлескен жобалар бойынша жұмыс жүргізілуде, оның ішінде жалпы құны 2,5 млрд. долл. құрайтын 9 жоба іске қосылды.

Осы ретте, тараптар жоғары үкіметтік деңгейдегі алдағы жоспарланған кездесулерге дайындық мәселелерін талқылады және олардың нәтижелері екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастардың барлық спектрін дамытуға оң серпін беретінін атап өтті.

ҚХР Елшісі, Президент Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының мазмұнын жоғары бағалап, 2019 жылды Жастар, туризмді қолдау, Шымкент қаласының үлгісіне сәйкес мегаполистерді дамыту жылы деп жариялау сияқты бірқатар бастамаларды жүзеге асыруға қытай тарапының қызығушылығын білдірді.

Сонымен қатар, кездесу барысында, тараптар ҚХР-дағы қазақ диаспорасының Қазақстан мен Қытай арасындағы «достық көпірі» ретінде саналатынын атап өтті. Сонымен бірге, ШҰАА этникалық қазақтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға байланысты мәселелер өзара сенімділік, тату көршілік, құрметтеу қағидаттары негізінде және стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейіндегі рухында оң шешілетін болады деген уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қазақстан тарапы Қазақстан азаматтарына ҚХР-дың жеке, іскерлік және туристік визаларын беруді тез арада қайта жалғастыратынына үміт білдірді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш пен Данелияға сәттілік тіледі

17.02.2019

Ауған ардагерлері оқушылармен кездесті

17.02.2019

Өскеменде 37 көшеге жаңа атау берілді

17.02.2019

Геннадий Головкиннің ықтимал қарсыластары белгілі болды

17.02.2019

Талдықорғанда «Тайлақтың тақиясы» фильмінің тұсаукесері өтті

17.02.2019

Биатлоннан әлем кубогі: Роман Еремин із кесушілер сынында 48-ші орын алды

17.02.2019

Ғылыми жобалардың үздіктері анықталды

17.02.2019

Қыздар бесік жырын айтудан жарысқа түсті

17.02.2019

Үндістанда орын алған террористік әрекетке байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

​Иранда орын алған террористік әрекеттерге байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

Көркем гимнастикадан төрт дүркін әлем чемпионы Гран-приде Димаштың әніне биледі

17.02.2019

Қазақстандық футболшы голландиялық клубқа 6:0 есебімен жеңіске жетуге көмектесті

17.02.2019

Болгариядағы "Странджа" турнирінде алты боксшымыз ширек финалға өтті

17.02.2019

Қазақстанның көрікті жерлері туралы бағдарлама халықаралық сыйлыққа ие болды

17.02.2019

Димаш пен Данэлияның The World's Best шоуындағы қарсыластары анықталды 

17.02.2019

Көркем гимнастикадан Мәскеудегі Гран-при: Әділханова 19-шы орында

17.02.2019

Қарағанды облыстық соты республикалық байқауда жүлдегер атанды

17.02.2019

Қанат ТІЛЕУХАН. Қайтқан қыз (Әңгіме)

17.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында ауқымды шара өтті

17.02.2019

Берни Сандерс АҚШ президенті лауазымы үшін қайта күресуге шешім қабылдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу