Әлем чемпионатында Қазақстанның ауыр атлеттері қос жүлде алды

Түркіменстанның бас шаһары – Ашхабадта аяқталған әлем чемпионатын Қазақстанның ауыр атлеттері қос жүлдемен қорытындылады. 55 кило салмақта өнер көрсеткен Арли Чонтей күміс медальді иеленсе, 71 кило салмақтағы Надежда Лихачева қола жүлдеге қол созды. Жалпы командалық есепте жерлестеріміз 13 орынға тұрақтады.  

Егемен Қазақстан
11.11.2018 13639
2

Қазақстан ауыр атлетикасының өрлеу кезеңі 2005 жылы басталғанын жанкүйерлер жақсы біледі. Нақты деректерге сүйенсек, 2005-2015 жылдар аралығында әлем чемпионатының жалауы 9 мәрте желбіреді. Сол бәсекелердің тек біреуінен ғана жүлдесіз оралдық. Ол – 2007 жылы Чиангмайда өткен сайыс. Ал өзге жарыстардан барлығында тамаша өнер көрсеткен отандастарымыз өз жанкүйерлерін қуаныш пен шаттыққа бөледі. Мәселен, 2009 жылы Гоянг пен 2014 жылы Алматыда ұйымдастырылған дүбірлі доданың командалық есебінде екінші орынды олжаладық. 2010 жылы Анталияда, 2011 жылы Парижде және 2015 жылы Хьюстонда үшінші тұғырға табан тіредік. 2005 жылы Дохада және 2006 жылы Санто-Домингода төртінші сатыға жайғастық. 2013 жылы Вроцлавта жетінші орынды қанағат тұттық. Осындай орасан зор табыстың арқасында Қазақстан ауыр атлетикасының даңқы алысқа жайылды.

Қазақстанның осындай деңгейге жетуі біраз алпауыт мемлекеттер мен түрлі халықаралық ұйымдардың қытығына тисе керек, ілік іздеген олар соңымызға шам алып түсті. Ақырында «допинг қолданды» деген айыппен талай саңлақтарымызды атағынан айырып, түрлі мерзімге үлкен спорттан шеттетті. Соның салдарынан ұлттық командамыз 2017 жылы АҚШ-тың Анахайм қаласында өткен әлем чемпионатына бармады.

Бір жылға созылған үзілістен кейін қайта қатарға қосылдық. Ашхабадта өткен жарыста тек қос легионер – Арли Чонтей мен Надежда Лихачева ғана жеңіс тұғырына көтерілді. Чонтейдің – Қытайдан, Лихачеваның – Ресейден келгенін спорт сүйер қауым жақсы біледі. Өкінішке қарай, әр жылдары Олимпия ойындары мен әлем чемпионаттарында атой салған Зүлфия Чиншанло, Фархад Харки, Нижат Рахимов, Карина Горичева, Денис Уланов және Александр Заичиков сынды жұлдыздарымыз жылдың басты додасында қалың топтың арасында қалып қойды. Өз әріптестеріміен бірге Түркіменстанға сапар шеккен даңқты зілтемірші Илья Ильин соңғы сәтте жарыс жолына шығудан бас тартты. Тағы бір айта кетерлік жайт, қоссайыстың қорытындысы бойынша жеңіс тұғырына көтеріле алмаған Карина Горичева, Нижат Рахимов және Раушан Мешітханова жекелеген жаттығуларда жүлде алды. Ол да көңілге медет.

Биылғы әлем чемпионатының комадалық сайысында, әдеттегідей, Қытай құрамасы жеке-дара көш бастады. Бұл жолы Аспанасты елінің өкілдері 19 (7 алтын+8 күміс+4 қола) жүлдеге қол жеткізді. Екінші орында – Таиланд. Олар 3 алтын мен 3 қоланы қоржынға салды. Үшінші сатыға Иран табан тіреді. Парсы елінің өрендері 2 алтын мен 1 қоланы иеленді.  Сондай-ақ, Ресей (2+0+0), Солтүстік Корея (1+3+0), Армения (1+1+0), Грузия (1+0+1), Тайпей (1+0+0), Испания (1+0+0) және Индонезия (1+0+0) құрамалары үздік он команданың қатарына қосылды.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш пен Данелияға сәттілік тіледі

17.02.2019

Ауған ардагерлері оқушылармен кездесті

17.02.2019

Өскеменде 37 көшеге жаңа атау берілді

17.02.2019

Геннадий Головкиннің ықтимал қарсыластары белгілі болды

17.02.2019

Талдықорғанда «Тайлақтың тақиясы» фильмінің тұсаукесері өтті

17.02.2019

Биатлоннан әлем кубогі: Роман Еремин із кесушілер сынында 48-ші орын алды

17.02.2019

Ғылыми жобалардың үздіктері анықталды

17.02.2019

Қыздар бесік жырын айтудан жарысқа түсті

17.02.2019

Үндістанда орын алған террористік әрекетке байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

​Иранда орын алған террористік әрекеттерге байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

Көркем гимнастикадан төрт дүркін әлем чемпионы Гран-приде Димаштың әніне биледі

17.02.2019

Қазақстандық футболшы голландиялық клубқа 6:0 есебімен жеңіске жетуге көмектесті

17.02.2019

Болгариядағы "Странджа" турнирінде алты боксшымыз ширек финалға өтті

17.02.2019

Қазақстанның көрікті жерлері туралы бағдарлама халықаралық сыйлыққа ие болды

17.02.2019

Димаш пен Данэлияның The World's Best шоуындағы қарсыластары анықталды 

17.02.2019

Көркем гимнастикадан Мәскеудегі Гран-при: Әділханова 19-шы орында

17.02.2019

Қарағанды облыстық соты республикалық байқауда жүлдегер атанды

17.02.2019

Қанат ТІЛЕУХАН. Қайтқан қыз (Әңгіме)

17.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында ауқымды шара өтті

17.02.2019

Берни Сандерс АҚШ президенті лауазымы үшін қайта күресуге шешім қабылдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу