Тыныштық бұзған өнер

Облыстық театрлардың өз әлемі бар. Астана мен Алматы сынды еліміздің басты қалаларымен салыстырғанда бұл аймақтарға театр сыншыларын айтпағанда, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен елордадағы Өнер университеті түлектерінің арасында да ат басын бұрып, тұрақтайтыны сирек. Сондықтан болса керек, облыстық театрлардағы қайсыбір жаңалық елеусіз ғана жергілікті көрерменнің рухани сұранысын қанағаттандырумен шектеліп, тым жиі ескерусіз қалып қояды.

Егемен Қазақстан
12.11.2018 1682
2

Әрине өңірлік театр сахнасында қойылып жатқан спектакльдердің барлығын жауһар демейміз. Бірақ кейде сол нөпірдің арасынан бағзыдан қалыптасқан қасаң қағида мен сеңдей сірескен стереотипті бұзып, түнекті жарып шыққан сәуледей жарқ ете қалатын жақсы қойылымның сирек те болса куәсі болу – үлкен олжа. Күні кеше ғана С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма теа­трында режиссер Бек Киікбайдың қолтаңбасымен көрерменге жол тартқан жазушы-драматург Роза Мұқанованың «Ешкім де кінәлі емес...» драма-абсурдының премьерасы бізге осындай ой салды. 

Иә, өз қазанында өзі қайнап, өзеннің баяу ағысындай жайбарақат қана томаға-тұйық тіршілік кешіп жат­қан өңірлік театрлардағы ты­ныш­тық­ты бір бұзса тек өнер бұ­зады. Көркемдікпен көмкеріліп, сұ­лулықпен суарылған сергек те саф өнер. 

Бізді қуантқаны – С.Сейфуллин театры ұжымының өзгелер салған сүрлеудің кезекті жолаушысы болудан қашып, басқа театрлар ен салмақ тұрмақ әлі сиясы да кеуіп үлгермеген жаңа пьесаны сахналауға батыл қадам жасауы дер едік. Бағыты да, тіпті жанры да қазақ көрермені үшін тосындау бұл туынды былтыр VІІІ республикалық «Тәуелсіздік тол­ғауы» атты көркем шығармаларға арналған жабық бәйгеде «Театрларға арналған отбасылық құндылықтарды айшықтайтын ең үздік пьеса» аталымында топ жарған болатын. Бірақ бәйге алған шығармалардың да өз ре­жиссері мен актерін күтіп дра­ма­тургтің тартпасында шаң ба­сып­ ұзақтау жатып қалатыны бар ғой. «Ешкім де кінәлі еместің» бұл тұрғыдан келгенде жолы болды деп айтуға толық негіз бар. 

Сәтті қойылымның басты тірегі – жақсы пьеса, талантты труппа және шебер режиссер десек, осы үш­­­­­та­ғанның үздік шығармашылық тан­деміне біз премьера күні Қара­ғанды театры сахнасында куә бол­дық. Режиссері драматургін түсінген, сурет­кер ойын актерлері ұққан жақ­сы жұмыс көрушісін де бей-жай қал­дырмады. 

Жалпы, қарттар үйінің түйткілді мәселелері кезінде қырғыз драма­тур­гі Бексұлтан Жәкиевтің «Жү­рейік жүрек ауыртпай» (қазақ тіл­іне аударған Әшірбек Сығай) қойы­лымына арқау болып, көрермен ықы­ласына бөленсе, бүгінгі драмада Роза Мұқанованың қолтаңбасы көңіл қуантты. Жанрын абсурд деп анықтаған пьесасында автор оқиғаны нақты бір драмалық сюжетке құрмай, басты планға адамның жанын, ішкі мұңы мен сырын шығарады. Сол арқылы қарттар үйін мекен еткен «сақалды жетімдердің» көңіл толқынысын түрлі оқиға ауанында жан-жақты таразылап, мың түрлі мінездер мүсінін түзуге басымдық берген. Бір қарағанда қойылымда қарапайым күйкі тірліктің түйт­кілдері сөз болғандай сезіледі. Алай­да ішкі мазмұнына бойлап, сөз астарына үңілген көрермен қарт­тар мінезі арқылы мүсінделген бүгінгі қатыгез қоғамның мозайкасын көреді. Сөйтіп қарапайым оқиға күллі адамзаттық сипатқа ие болып, философиялық фабула биігінде сарапталады. 

Шымылдық ашылған сәтте актерлер сахнаға үш аяқты велосипедпен шығады. Негізгі оқиға желісі балабақшада өрбиді екен деп, бірден ойыңызды балдырғандар әлемінің алуан ахуалына ыңғайлай бергеніңіз сол еді, үш аяқты велосипедтің үс­тіндегі кейіпкерлер тіпті де бала емес, көпті көріп, кексе тартқан қа­рия­лар болып шыға келеді. Істеген әре­кеті баланікі болғанымен, айтар сыры мен мұңы – тіпті де сәбидің еркелігі емес, қатыгез қоғамның боя­масыз қалыбынан тарқатылады. Сәби фонында берілген қарттар бей­несі қандай дәрменсіз болса, ақылман ақсақалын бейшара күйге түсір­ген қоғам сондай аяусыз. Осы­лайша автор бала мен қарттар әле­мін контраста беру арқылы оқи­ғаның өзегін өткірлендіріп, қай­шылықты қалыңдатады. Өмір өт­пес­тей көрінгенімен, уақыт-ағзам­ның алақанында адам ғұмыры қас-қағым ғана сәт екен. Балалық пен қарттықтың шекарасы тіпті де бөлін­бейтін көрінеді. Сөйтіп қойы­лым сан саққа шашыраған ойыңызды «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» деген өмірдің өз пәлсапасына әкеп тірейді. 

Драматургтің бұл ойын режиссер Бек Киікбай ұтқыр дамытып әкете алған. Спектакльде ол мықты метафоралар мен сәтті символикаларға батыл барады. Өмірдің бар мәнін – қойылымның басынан аяғына дейін тоқтамайтын велосипед дөңгелегімен параллель ала отырып, ұтымды шендестіреді. Сахна суретшісі Ұлан Несіпбайдың ойы да режиссер қиялымен сәтті үндескен. Талантты тандем қойылым кілтін шексіздіктен іздепті. Аппақ түске боялған аппақ әлем бірде сәби жөргегіндей таза­лықт­ы көз алдыңызға әкелсе, бірде ғарыштық шексіздік пен тұтастықты бедерлейтіндей. Сахна декорациясын барынша минимализмге құрып, актер жанын неғұрлым бастапқы планға шығаруға екпін түсірген. Соның нәтижесінде біз Дина Зайытова есімді талантты актрисаның тыңғылықты ізденісіне куә болдық. Драмасынан гөрі трагедиясы басым спектакльді жұп-жұмыр күйінде ұсыну өз алдына, сол салмақты ойлы бейне биігінде бедерлей алу да орындаушысынан есепсіз жігерді талап етеді. Осы сенімнің жауапкершілігін актриса шынайылықпен шебер астасқан ішкі тереңдігімен сәтті еңсерді. 

Қойылымдағы режиссердің та­ғы бір батыл шешімі – музыкадан бас тартуы дер едік. Адамның жү­рек дүрсілі мен демінен артық қан­дай ұлы музыка болуы мүмкін?!. Спек­такльге келген көрермен ты­ныш­тыққа бөккен әлемнен күйкі тір­лікпен қарбаласып жүріп естуден қалған жүрек үніне құлақ түріп, қас-қағым сәттік өмір мә­нін өзгеше ұғынғандай бола ма, әй­теуір, бұл тыныштықтың әсері сұм­дық ыстық. 

Шеберлік деңгейі абсурд дейтін ауыр­лау жанрда сынға түскен шы­ғар­машылық құрам аталған жауап­кершіліктің салмағын жете түсініп, жан-жақты ізденгені сахнада жа­салған жұмыстан айқын көрінді. Қарағандылық көрерменді екі күн бойы өнер әлемінің қуанышына кенелткен қойылым театр репертуарына қосылған сәтті спектакльдердің бірі болады деп сенеміз.

Назерке ЖҰМАБАЙ, 

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.02.2019

ҚХЛ: «Барыс» биыл «Авангардтан» төртінші мәрте жеңілді

16.02.2019

Сапарбаев: Бірде бір бала назарсыз әрі қамқорсыз қалмауы керек

16.02.2019

Головкин былғары қолғабын шегеге іле ме?

16.02.2019

Астана қаласы мен үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

16.02.2019

Қарағандыда NASА кездесу өткізді

16.02.2019

БҚО-да көп балалы отбасылар мәселесін шешуге қосымша 500 млн теңге бөлінеді

16.02.2019

Қарағандыда полицияның 200 қызметкері волейбол ойнады

16.02.2019

Қарағанды облысында мектеп жабылып қалды

16.02.2019

Демалыс күндері боран соғып, жауын-шашын болады

16.02.2019

Оралда радиатор зауыты ашылады

16.02.2019

Баянауылда аудандық қысқы спартакиада өтті

16.02.2019

Биыл Батыс Қазақстан облысында 5 жатақхана құрылысы басталады

16.02.2019

Батыс Қазақстан облысында өңір басшысының есебі басталды

16.02.2019

Павлодар облысының әкімі жаңа орынбасарларын таныстырды

16.02.2019

Бүгін Болгариядағы турнирде Қазақстан боксшылары алғашқы жекпе-жектерін өткізеді

16.02.2019

СІМ және «Атамекен» ҰКП инвестициялық және экспорттық бағыттағы жұмысты үйлестіруді күшейтуде

16.02.2019

WGS төрағасы: Үкіметтер өздерінің бизнес-модельдерін қайта ойлап табуы керек

16.02.2019

Ресей сауда алаңдарында қазақстандық компаниялардың белсенділігі артты

16.02.2019

Алматыда «Қазақстан университеттері халықаралық аренада» тақырыбында семинар өтті

16.02.2019

Майдангер-жазушы Леонид Гирш 95 жасқа толды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу