Қазақстан • 12 Қараша, 2018

Қазақстан Ауғанстан жөніндегі отырысқа қатысты

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан сыртқы істер министрлері орынбасарлары және арнайы өкілдер деңгейінде өтетін Ауғанстан жөніндегі Мәскеулік форматындағы консультациялардың екінші отырысына қатысты, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі. 

Қазақстан Ауғанстан жөніндегі отырысқа қатысты

Іс-шараға ресми Кабул, Талибан қозғалысы, Орталық Азия елдері, Иран, Пәкістан, Қытай, Үндістан, сондай-ақ АҚШ өкілдері қатысты.

Бұл кездесудің бірегейлігі, қазіргі тарихтағы алғаш рет ресми Кабул мен қарулы оппозиция өкілдері бірыңғай келіссөздер үстелінде отырғаны болып табылады.

Консультациялар барысында тараптар ауғанаралық татуласуға қатысты мәселелердің кең ауқымы талқыланып, атап айтқанда Ауғанстандағы ұзақ соғысты тоқтатудың шешу жолдары ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше