Қазақстан • 13 Қараша, 2018

Ізшіл иттер 300-ден аса қылмыс ашты

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында қызметтік-ізшіл иттердің көмегімен жыл басынан бері 300-ден аса қылмыс ашылды. 

Ізшіл иттер 300-ден аса қылмыс ашты

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментіне қарасты кинологиялық қызмет орталығы қылмыстың алдын алу және болған қылмыстарды ашу кезінде ерекше үлес қосып келеді. Мұнда 28 ізшіл, иісшіл ит арнайы кинолог мамандардың үйретуімен тәулік бойы кезекшілікте жүр. Жедел-іздестіру тобымен бірге олар есірткі, жарылғыш заттар мен қару-жарақтарды із­деп та­уы­п, оқиға орнында қыл­­мыскердің ізіне түсу және тұт­қындау шараларына қатысады. 

– Жыл басынан бері өткен он ай ішінде қызметтік иттердің көмегімен 227 ұрлық, 27 тонау, 56 есірткі қылмысы ашылды. Екі адамның өліміне және бір адамның ауыр жарақатына байланысты қылмыстарды әш­керелеуге де біздің төрт аяқты достарымыз өлшеусіз үлес қос­ты, – дейді Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің қызметкері Әлия Наурызғалиева.

Кинологиялық қызмет орта­лығының бастығы, полиция ма-й­оры Талап Әсетовтің айтуынша, қызметтік иттерді үйретіп, баулығанша көп уақыт өтеді. «Өз ісін сүйіп жасайтын, итімен шы­найы достық орнатқан маман ғана нақты нәтижеге жетеді», дейді ол. 

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан облысы