Қазақстан • 13 Қараша, 2018

Биік белестерді бағындыруға мүмкіндігіміз мол

1008 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Елбасы мемлекет тарапынан жасалған және әлі де жасалу керек шаралардың түпкі мақсаты – халықтың әл-ауқатын жақсарту және өмір сүру сапасын жоғарылату екенін қадап айтты. Осы жылғы Жолдаудың қазан айында жарияланғаны 2019 жылдың бюджетін тиімді жоспарлауға және салалық мақсаттарды жүйелендіруге оң ықпалын тигізетіні сөзсіз.

Биік белестерді бағындыруға мүмкіндігіміз мол

Эко­номи­калық негізі мығым елге тұрақ­ты­лықпен бірге дамуға ықпал туғы­затын жағдай жасау қазір басты мақсатымыз болып отыр. Ауқымды өзгерістердің қар­­қынын төмендетпеу үшін билік тармақтарының өкілет­тік­терін қайта бөлу бойынша Елбасының бастамасымен Конс­т­итуцияға және заңдарға оңтай­лы өзгеріс­тер енгізілген бола­­тын. Саяси рефор­ма­ның нәти­­жесінде Үкімет­ке, ми­нистр­л­іктерге және әкім­дік­тер­ге әлеуметтік-экономикалық үр­­діс­терді реттеудегі біршама өкі­­лет­тіктер берілгеннен кейін би­­лік­тің атқарушы тармағының шешім қабылдау жылдамдығы мен жауапкершілігі арта түсті. Осы орайда мемлекеттік аппа­рат­­тың кәсібилігін арттыру ма­ңыз­­дылығы алдыңғы қатарға шықты.

«Мемлекеттік қызметтің жағ­дайы туралы» Ұлттық баяндамада көрсетілгендей, Қазақ­станның мемлекеттік қызметі реформасының нәтижесінде транспарентті және есеп беретін мемлекет қалыптасып, кәсіби мемлекеттік аппарат құрылды, құқық үстемдігі мен жазаның бұл­тартпастығы қамтамасыз етіл­ді. Кәсіби мемлекеттік аппарат­ты құру үшін мемлекеттік қыз­мет меритократия, прагматизм және адалдыққа сүйенген ман­­­саптық модельге көшірілді. Мем­л­екет­тік қызметке кәсібилігі жо­ғары мамандарды тарту және жұмыс істеп жүрген мем­ле­кет­­тік қызметшілердің уәж­де­­ме­сін арттыру мақсатында жа­ңа еңбекақы төлеу жүйесі қол­дана бастады, оның алғашқы оң нә­ти­желерін Елбасы өз баянда­масында атап өтті. Айта кететін жайт, еңбекақының 2-2,5 есе өсуі мемлекеттік органның өз бюд­жеті есебінен жүргізіліп жатыр. Яғни ол қосымша қаржыға сүйен­бей, ішкі резервтердің не­гі­зінде жүргізіледі. Мысалы, мем­қыз­метшілердің функционал­ды міндеттерін қайта қарау негізінде штаттық кестені оңтай­ландыру, мемлекеттік органға тән емес жұ­мыстарды нарыққа беру үр­ді­­сін жалғастыру, мемлекеттік ор­­ган­ның қарамағындағы меке­мелерді қысқарту немесе нарыққа беру, басшының қара­мағында ке­мінде 10 қызметшіден аз болмау, бар вакансияларды қысқарту және тағы басқалары.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қар­­сы іс-қимыл агенттігі өзіне функ­­ционалды талдау жүргіз­ген­нен кейін артық құрылымдар жә­не басшылық лауазымдардың қыс­қартылуы есебінен қызмет­керлер жалақысын 2-2,5 есеге дейін көтеруге мүмкіндік алды. Цифрландыру негізіндегі кадр­ларды басқару, мемлекеттік сатып алу, құқықтық қызметтер орта­­лықтандырылып, келешекте 4600 қызметкер қысқарып,  жылына 5,5 млрд теңге үнемделеді деп күтіліп отыр. Қазірдің өзін­де мемлекеттік органдар өз жұмыс­тарына баға беріп, нәтижелілі­гі төмен үрдістерден және тиімділігі төмен материалдық ресурстардан бас тарту жолдарын анықтап алғаны жөн. Жергілікті жерлерде мем­лекеттік немесе жергілікті бюд­жеттен қаржыланатын жыл­жы­майтын мүлік саны көп, он­да жұмыс істеп жатқан қыз­мет­­керлерді бір ғимаратқа жай­ғас­тырудың өзі көп қаржыны үнем­дейтіні анық. 

Елбасы Жолдауда мемлекеттік органдар қызметінің тиімділі­гін түбегейлі арттыру керектігін нақ­тылап айтты. Мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықтың қыс­қаруы мемқызметшілердің халыққа сапалы қызмет көр­сетуі­нің бірден-бір көрсеткіші екенін ескертті. Мұны ашықтық негізінде кері байланыс орнатып, халықтың мәселелерін дер кезінде және сапалы түрде шешу, мемлекетімізді көркейту деп түсіну керек.

Стратегиялық мемлекеттік қыз­­метті құру жолында Қазақ­стан Президенті жанындағы Мем­лекеттік басқару академиясы уәкілетті органмен бірлесіп бір­­шама жұмыстар атқарып келе­ді. Атап айтқанда: тәжірибеге бағ­дарланған оқу бағдарламалары бекі­тіліп, мемлекеттік қызметші­лер­дің құзыреттілігін арттыруға бағытталған пәндер енгізілді, шетел университеттерін бітір­ген  және мем­лекеттік қызметте көп жыл­ғы еңбек өтілі бар, үш тіл­ді еркін меңгерген маман­дар дә­ріс беруге тартыла баста­ды, акаде­мия «Цифрлы Қазақстан» бағ­­дар­ламасына енген жалғыз жоға­ры оқу орны болып мате­риал­дық-ресурстық базасын жа­ңартты, оқуға қабылдау үр­дісі мем­лекеттік органдар мен мем­лекеттік қызметшілердің сұра­ны­сына бейімделіп, ашықтық қағи­датына негізделіп жүргізілді, академияның білім беру жүйесі облыс орталықтарында жаңадан бой көтерген филиалдарға таратылып, аймақтардағы білім беру сапасы жоғарылатылды. Елбасының Мемлекеттік басқару академиясында Назарбаев Университетпен бірлесіп, «Жаңа формацияның басшысы» арнайы қайта даярлау оқу бағдарламасын жүргізу туралы тапсырмасы уақтылы және сапалы түрде орындалады.

Президенттің мемлекеттік қыз­метшілерге жасап жатқан әлеу­меттік, экономикалық қол­дау­­лары негізінде жаңа белестерді бағындыруға бізде толық мүм­кіндік бар.

Ерлан ӘБІЛ, 

Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Басқару институтының директоры