Спорт • 13 Қараша, 2018

Тайваньда таеквондодан Президент кубогі додасы аяқталды

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10-13 қараша аралығында өткен жарысқа Қазақстан құрамасының спортшылары да қатысқан болатын, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Тайваньда таеквондодан Президент кубогі додасы аяқталды

Турнир нәтижесі бойынша, 73 келіде бақ сынаған Жансель Дениз екінші орын иеленді. 

Руслан Жапаров пен Смайыл Дүйсебайдың еншісінде қола медаль бар. 

Еске сала кетейік, Смайыл Дүйсебай желтоқсанда өтетін Гран-при кезеңінің финалдық сынына қатысады.