Президент • 14 Қараша, 2018

Елбасы Баррозумен кез­десті

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұл­тан Назарбаев Еуро­­па­лық комиссияның бұ­рын­ғы төрағасы Жозе Ма­­нуэль Баррозумен кез­десті.

Елбасы Баррозумен кез­десті

Кездесу барысында Нұрсұл­тан Назарбаев Жозе Мануэль Баррозуға Астана клубының отырысына келгені үшін ризашылық білдірді.

Мемлекет басшысы Еу­ропалық комиссияның бұрынғы төрағасының Қазақстан мен Еу­ропалық одақ арасындағы қа­­рым-қатынастарды нығайту ісіне қосқан үлесін атап өтті.

– Мен сізбен тағы да жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Сіз әрдайым Қазақстанға қолдау көрсеттіңіз. Соның арқасында еліміздің Еуропалық одақпен серіктестігі жөніндегі келісімге қол қойылды. Қазіргі таңда бұл құжат ратификациялану үде­рі­сінен өтіп жатыр, – деді Қазақ­стан Президенті.

Жозе Мануэль Баррозу кез­дескені және Астана клубының жұмысына қатысуға шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.

– Сізбен қайта кездесу – мен үшін зор мәртебе. Брюссельге тарихи сапармен келгеніңіз есімде. Сол кезде Қазақстан мен Еу­ропалық одақ арасында ынты­мақ­тастық орнату жөнінде тарихи шешім қабылданған болатын. Бүгінде Қазақстанның тұ­рақтылықты сақтап, өңірде маңыз­ды рөл атқарып отырғанын көргеніме қуаныштымын, – деді Еу­ропалық комиссияның бұ­рынғы төрағасы.Мемлекет басшысы Нұрсұл­тан Назарбаев Еуро­­па­лық комиссияның бұ­рын­ғы төрағасы Жозе Ма­­нуэль Баррозумен кез­десті.