Аударма • 14 Қараша, 2018

Мажарстан операсы – саясат айнасы

518 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Венгриядағы ұлттық Опера үйінде Брамс бір кездері Малердің әйгілі Моцарттың шығармасын ойнағанына куә болған. Мұнда Бартоктың әлі күнге дейін таңдай қақтыратын шығармасы бір ғасыр бұрын алғаш рет тыңдарманға жол тартты. Бұл – суретші Мэттью Барнейдің «Кремастер» циклінің бөлігі түсірілген жер. 

Мажарстан операсы – саясат айнасы

Аттила НАГИ. Мемлекеттік опера театры. Бан Банк операсы

Майкл КУПЕР, «Нью-Йорк Таймс» – Будапешт (Венгрия)

Бұл күндері мәдениет ордасы мемлекеттегі өнер тақы­ры­бындағы пікірталастың орта­лы­ғына айналды. 

Опера театры қазір қарыштау кезеңінде. Мұндай қадам Пре­мьер-министр Виктор Орбан бас­қарып отырған үкіметтің баста­ма­сымен құйылған жүз миллион­даған инвестицияның арқасында жүзеге асуда. Ол өзі айтып жүрген «бейлибералды демо­кра­тиясын» құрып жатыр. Соны­мен бірге ол театрларды, опера театр­­лары мен концерт залдарын «ұлт­тың өнер қазынасына» балайды. 

Қаражат Опера театрының қыр­ғиқабақ соғыстан бергі алғаш­қы кешенді жөндеуі үшін бө­лінді. 2019 жылы бітуі жоспар­ланған жаңа кешен үш жеке театрға бөлінеді. 

 «Біздің музыкалық мұрамыз әрқашан бай болған. Сондықтан оны дәріптеуіміз қажет», дейді Опера театрының бас директоры Сильвестер Оковак.

Мемлекетте оңшылдардың қарымы арта бастағанда Опе­ра ордасы назарға ілінді. Консер­ва­­тив­тердің газеттерінің бірі театр ұсынған «Билли Элиот» қойы­лымы жат нәрсені дәріптейді дегеннен кейін, орнына «Порджи мен Бесс» туындысы сахналанды. 

Мажарстанның көрнекті клас­­сикалық музыканттары, әсі­ресе әлем сахнасына танылғандар қазіргі жағдайға көңілі толмайтынын жасырмады. Біртуар пиа­нист Андраш Шифф туған жері Мажарстанда өнер көрсетпейді. Адам Фишер 2010 жылы Опера үйінің музыкалық директор міндетінен бас тартты. Оның ағасы Иван әйгілі «Будапешт фес­тиваль» оркестрінің басшысы – адам құқықтарын жақтаушы. Бірақ ағайындылар әлі де Мажарстанда өнер көрсетіп жүр.

Мистер Орбан өнерді ұлттың ерекшелігі дейді. Үкіметтің ресми сайты опера жұлдызы Пла­сидо Доминго Премьер-минис­трді қайта сайлануымен құт­тықтағанын хабарлады. Хабар­ламада опера жұлдызының үкімет басшысына «өнер мен мәде­ниеттің ұлы жақтаушысы» деп құрмет білдіргені айтылған. 

Оның Фидес партия­сы мәдениет саласындағы тағайын­дау­лар­ға көбірек көңіл бөліп, онға жуық театр басшыларын сайлады. Бұл тізімде мистер Оковак та бар.  

«Бұл қай заманда да мемле­кет­тік опера театры болып қалады», дейді мистер Оковак. «Сондықтан мұнда ешқашан қысым жасалмады».

Мажарстан екінші опера үйін қайта ашты. Мемлекеттік опера ордасын басқаратын Эркель театр­ына қаржы аз кетеді. Келе­сі қыркүйекке дейін жөндеу жұмы­сы аяқталады деп жоспарланған. Үшінші театр ескі теміржол ғима­ратының орнында салынып жатыр. 

Мемлекеттік опера театры соң­ғы жылдары басқа театрларға қарағанда көп қойылым сахналады. Пуччини фестивалі осы маусымның ең жақсы туындыларын қайта ұсынбақ. Олардың қатарында әйгілі «Эдгар» да бар. 

Белгілі сыншы Джон Элисон мамырда жүз жылдық мерейтойға арналған «Көк сақал қамалы» қойылымын Опера журналында мақтады. «Ешқандай оркестр музыканы дәл бұлай көркем орындаған емес», деді ол. 

Мемлекеттік опера театрында маңызды көп қойылым сахналанады. Мәселен, үйсіз адамдардың қонысын іздеу жөніндегі «Порджи мен Бесс» қойылымы 2015 жылы Будапештің пойыз стансасын басып алған босқындарды, мистер Орбанның иммиграцияға қатысты саясатын еске салды.

Бұдан кейін үкі­метті жақтаушы «Мадияр Идок» газетінің София Хорват атты колумнисі «Билли Элиот» қойылымын сынаған соң компания 15 қойылымды бағ­дар­ламадан алып тастады. 

«Өмірде болуы мүмкін құ­бы­лыстарды сахналауымыз оны дәріптеу дегенді білдірмейді» деп жауап береді мистер Оковак.

Жазда пікірталас тыйылғанда мистер Оковак келесі жылғы опера маусымының тақырыбын жа­риялады. Бұл жолы оң­шыл басылымның сынына ұшыра­майтын христиандық тақырыбы таңдалыпты.

Мақаланы аударған Светлана Ғалымжанқызы, 

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше