Үкімет • 14 Қараша, 2018

Үкімет үйінде Дүниежүзілік банкпен серіктестіктің жаңа бағыттары талқыланды

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша вице-президент Сирил Мюллердің басшылығымен Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті.

Үкімет үйінде Дүниежүзілік банкпен серіктестіктің жаңа бағыттары талқыланды

Кездесу барысында Бір­лес­кен экономикалық зерттеулер бағдарламасын іске асыру және 2019-2023 жж. Дүние­жү­зі­лік банк­­тің Қазақстан­мен серік­тес­тігі­нің алдағы Шек­ті стратегиясы аясында ынты­мақ­тас­тықтың перс­­пективалық бағыттары тал­қы­­ланды.

Өзара іс-қимылдың басым салалары арасында туризм, АӨК, индустрияландыру, көлік және логистика, өңірлік инфрақұрылымды дамыту секілді салалар қаралды.

Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы 2002 жылдан бастап іске асырылып келеді әрі стратегиялық жоспарлау және ал­дыңғы қатарлы тәжірибелер сала­сындағы сараптамалық білімді талдау мен берудің бірден-бір құралы. 2012 жылы Қазақстан мен Дүниежүзілік банк арасындағы Дүниежүзілік банктің директорлар кеңесі 2012-2017 жылдарға арналған Елдік серіктестік стратегиясын бекітті.

2017 жылы Дүниежүзілік банк серіктестіктің қол жет­кіз­ген нә­тижелерін талдауға және ынты­мақ­тастықты жалғастырудың басым бағыттарын анықтауға бағыт­талған Қазақстанның жүйелі елдік диагностикасын жүргіз­ді, алдағы бес жылға ынтымақ­тастықтың ба­сым бағыттарының көрінісі бар, олар Қазақстанның 2025 жылға дейінгі даму стратегия­сын ес­кере отырып қалыптас­тырыл­ған. Диагностика және талқы­лау­лар қорытындысы бо­йын­ша се­ріктестіктің 2019-2023 жылдарға арналған жаңа Елдік стратегиясы әзірленуде.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше