Мұғалімдерді қолдаудың нақты қадамы

Егемен Қазақстан
14.11.2018 1649
2

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың 2018 жылдың 5 қаза­нын­да жариялаған «Қазақстан­дықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы еліміздің алдында тұрған ауқымды мін­деттерді нақтылаған, оларды жүзеге асырудың тиімді жолдарын көрсеткен стратегиялық құжат болып табылады.

Жолдау еліміздің әлеумет­тік-экономикалық дамуының өзек­ті мәселелеріне және қазақ­стан­дық­тардың әл-ауқа­тын одан әрі арттыру ісіне ар­нал­ған. Сондықтан да Жолдау­да көтерілген мәсе­ле­лер­дің барлығы бүгінгі қоғамы­мыз үшін аса маңызды. Әсіресе әлеу­меттік салаға баса назар ауда­рылуы, оның ішінде мұғалім­дер мәртебесін көтеруге қатысты бастамалар халықтың көңілінен шықты деп есептейміз.

Осы орайда Елбасы Нұрсұл­тан Назарбаев келесі жылы мұға­лім­дердің қоғамдағы беделін көтеру үшін тиісті заң жобасын дайын­дау­ды тапсырды. «Келе­сі жы­лы «Пе­да­гог мәртебесі тура­лы» заңды әзір­леп, қабылдау қажет деп санаймын. Бұл құжат мұғалімдер мен мек­тепке дейін­гі мекемелер қыз­меткерлері үшін барлық игілікті қарасты­рып, жүк­темені азайтуға, жөнсіз тек­серістер мен міндеттен тыс функ­циялардан арашалауға тиіс», деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент жер­гі­лік­ті биліктің «барлық жұ­мыс­ты мұғалімдердің мойнына артып қоятынын» атап көр­сетті. «Не болса, соның бәрі мұға­лім­дер­ге жүк­теледі. Сайлауды да мұғалім­дер өткізеді, үгіт-на­си­­хат кампания­сын да мұға­лім­­дер жүргізеді. Бұл үшін олар­ға ешнәрсе төлемейді. Олар жұмы­сын істеп, дайындалуы тиіс. Бұл аз болғандай, оларды тексереді», деді Елбасы.

Президент бұған қоса, ел­де кейбір аймақтарда мектеп жетіс­пей, оқушылар үш ауысым­да оқып жатқанын сынап, бұл мәселені шешу үшін Үкіметке 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттен қосымша 50 мил­лиард теңге қарастыруды тапсырды.

Мен де осы білім саласында қызмет етіп келе жатқан мұғалім ретінде Елбасының Жолдауына қолдау білдіргім келеді. Елбасы­ның педагог мамандарға көрсет­кен қолдауының арқасында, Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына қосылатынына сенемін. 

Халқымыздың бақуатты өмір сүруі және еліміздің дамыған 30 елдің қатарына қосылуы басты міндет. Осынау асыл мұрат жолында біздің еліміз замана сынына тегеурінді іс-қимылымен ла­йықты жауап беріп келеді. Иә, бүгінгі кезеңнің талабы оңай емес. Бірлігіміз мызғымаса, ынтыма­ғымыз ыдырамаса, біз үшін алынбайтын асу болмайды. Сондықтан да қоғамымызға татулық пен рухани келісімнің орнығуын Елбасы ұстанған сая­сат­тың арқасы екенін түсініп, ортақ мүдде жолында бірлесе жұмыс істеуіміз керек. 

Мұхтар Әуезов  айтқандай, «Халық пен халықты теңестіретін – білім». Сондықтан білім бәсеке­сіне қабілетті шәкірт тәрбиелеу – педагогтардың алдына қойған басты мақсаты.

Бибі ЖАЗЫҚБАЕВА,

Алатау батыр ауылы
С.Кәттебеков атындағы
жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Түркістан облысы, Шардара ауданы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

13.12.2018

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Ұлттық Банк жүзеге асырады

13.12.2018

Түркістан облысында мақта қалдықтарынан электр қуатын өндіретін зауыт салу жоспарлануда   

13.12.2018

«Мұрагер ханзада» компаниясының өкілдері Екібастұзда болды

13.12.2018

Елбасы Беларусь Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Мемлекеттік хатшысы Станислав Засьпен кездесті

13.12.2018

Қыздар университетінде Нұртас Оңдасыновқа ескерткіш тақта орнатылды

13.12.2018

Тағы төрт спортшы допингпен ұсталды

13.12.2018

Ұлағатты ұстазбен кездесу өтті

13.12.2018

Түрікменстанның вице-премьері: екі ел арасындағы әрекеттестіктің деңгейі жоғары

13.12.2018

«БҰҰ Адам құқықтары Жалпыға ортақ Декларациясына» 70 жыл» шарасы өтті

13.12.2018

Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті

13.12.2018

«Qazaq Banki» АҚ салымшылары кепілдік берілген депозиттері бойынша өтемді ВТБ-дан алатын болды

13.12.2018

Атырауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалық кеңсе ашылды

13.12.2018

Алматыда қаланың үздік мұғалімдері марапатталды

13.12.2018

Джиу-джитсудің хас шеберлерінің жүлдесі үшін жарыс өтеді

13.12.2018

Қ.Тоқаев қытайлық Genertec холдингінің басшысын қабылдады

13.12.2018

«Нұр Отан» партиясының депутаттары Алматының 2019 жылғы бюджетіне ұсыныстар енгізді

13.12.2018

Алматыда АИТВ-мен өмір сүретіндерге көмектесетін мобильді қосымша таныстырылды

13.12.2018

Үш ардагерге «Қарағанды облысының құрметті азаматы» атағы берілді

13.12.2018

Левандовски мергендер көшін бастады

13.12.2018

Қазақфильм «Қызғалдақтар атамекені» деректі фильмін жарыққа шығарды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Baılyq jasaýshy sala

Árbir adam óz úıiniń ishinde qandaı zattar bar ekendigin jáne onyń qaı jerde turǵandyǵyn, qaı shkaftyń ishinde qandaı zattyń jatqandyǵyn, jertólesinde qandaı azyq túrleriniń saqtalyp turǵandyǵyn jaqsy biledi. Sondyqtan eshnársesin shashaý qaldyrmaıdy. Qajetine qaraı paıdalanyp otyrady. Al ózimizdiń ortaq úıimiz – Qazaqstanda qandaı zattar bar ekendigin, ásirese, jerimizdiń astynda qandaı mıneraldyq shıkizat kózderiniń shoǵyrlanǵanyn jáne olardyń qory qandaı ekendigin bilemiz be?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу