Өнер • 14 Қараша, 2018

Жыраулық дәстүрдің Марғасқасы

2907 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Дәстүрлі қазақ қоғамында жыраулық дәстүрді жауынгерлік сарынмен насихаттаған көрнекті тұлғалардың бірі – Марғасқа жырау еді. Марғасқа жыраудың туған және өлген жылдары мен ғұмырына қатысты деректер аз. Зерттеушілердің деректеріне сүйенсек, XVII ғасырдың шамасында өмір сүріп, елді бастаған Есім ханның жанында ақыл-кеңесін аямаған көреген кеңесші, өр рухты, күллі елге сөзі ұрандай болған батыр болған. Жазушы, зерттеуші Мұхтар Мағауин: «XVII ғасырдың алғашқы жартысында билік құрған Есім ханмен әркез Жиембет, Марғасқа жыраулардың есімі қатар аталады», деген болатын. Өз жырлары арқылы сол замандағы хандардың қисынсыз іс-әрекетін сынап, халықтың мұңына үн қосқан.

Жыраулық дәстүрдің Марғасқасы

XVII ғасырдың 20-жыл­дары­ның аяғына қарай Таш­кент билеушісі Тұрсын хан­­ның Есім ханға қарсы бү­лігін жаныштауға қа­тыс­қан. Бұл тарихи оқи­ғаны Мар­ғасқа жыраудан қал­ған: «Ей, Қа­та­­ғанның ханы Тұр­сын, Кім арамды ант ұр­­сын», де­ген­ өлең жолда­ры дәлел­дей түседі. Бұл Марғасқа жыраудың қысқа қайырымды толғауынан үзін­­ді. Толғау Қа­зақстан Ғы­­­лым академия­сы Əдебиет инс­титутының қол­­жаз­ба­сы­нан алынып, 1967 жы­лы «Ер­тедегі əдебиет хрес­­­­­­­тома­тиясына» енгізілген. 

Ойшыл, этнограф Мәш­һүр Жүсіп Көпеевтің жазба­ларында: «Қатағанның хан Тұрсын, Қай кеткенді ант ұр­­сын», деп келтірілген. «Ең­­­се­гей бойлы ер Есім» ат­ты­ жеті мың жолдық жыр­ды тұңғыш жырлаушы Мар­ғасқа жырау деген деректер кездеседі. 1938 жылы халық ақыны Қазанғап Байболұлы он баспа табақ етіп дастанды жазып шығарған. Жырдың қол­жазбадағы нұсқасын 1941 жылы Қазақ Ғылым ака­де­миясының Орталық кітап­ха­насына (№513) ақын Омар­бай Малқаров тапсырған. Жеті мың жолдық жырды тұң­ғыш жырлаушы Марғасқа жыраудың шығармасындағы басты кейіпкер – Есім хан туралы мәлімет  жазушы­ Ілияс Есенберлиннің «Көш­пенділер» трилогиясында кез­деседі.

Марғасқа жыраудың рухани мұрасы толықтырылып, көлемді еңбек жарық көрсе, нұр үстіне нұр болар еді.

Әділбек ӨМІРЗАҚОВ