Ыстамбұлда «Ұлы даланың тарихи-мәдени келбеті» атты халықаралық көрме ашылды

Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейі ТҮРІКСОЙ Халықаралық ұйымының қолдауымен жақында Түркияның Ыстамбұл қаласындағы Түрік және ислам ескерткіштері музейінде «Ұлы даланың тарихи-мәдени келбеті» атты халықаралық көрмесін салтанатты түрде ашты. Түркия жұртшылығының назарына ұсынылған көрмеге «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі ерекше сән берді. Бұл көрме Қазақстан Республикасы және Түрік Республикасы арасындағы халықаралық мәдени ынтымақтастығы аясында өткізілуде.

Егемен Қазақстан
14.11.2018 903
2

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің бай коллекциясын паш ететін халықаралық көрменің ашылу салтанатына екі елдің мемлекет басшылары, атап айтсақ, Дүниежүзі қазақтарының жанынан құрылған «Отандастар» қорының президенті Нұртай Әбіқаев, Түркі тілдес елдер ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы – Бағдат Әміреев, «ТҮРКСОЙ» түркі мәдениетінің халықаралық ұйымының Бас хатшысы, профессор Дүйсен Қасейінов, Түрік Республикасы Президентінің бас кеңесшісі Haydar Ali Yildiz, Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы сынды танымал тұлғалар қатысып, көрменің екі ел арасындағы мәдени байланыстың ары қарай дамуына, халықтар арасындағы достықтың нығаюына қосар үлесі зор екендігін атап өтті. Стамбул Мәдениет және туризм басқармасының директоры Coşkun Yılmaz, Түрік және Ислам ескерткіштері музейінің директоры Серажетдин Шахин  де өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

Орталық мұражай директорының орынбасары Бибігүл Дандықараеваның хабарлағанындай,  Ежелгі көшпелілер мәдениеті және қазақ халқының тарихи-этнографиясы деп аталатын екі бөлімнен тұратын көрмеде: бүгінде Қазақстанның ұлттық игілігіне айналған, әлемдік мәдениет жауһарларының бірі – 1969 ж. Есік қорғанынан табылған Алтын Адам және ежелгі көшпелі халықтың алтын бұйымдары (Жалаулы көмбесі б.з.д. IX-VII ғғ., Шілікті қорғаны б.з.д. VII-VI ғғ., Қарғалы көмбесі б.з.д. II –I ғғ.), Жетісу өңірінен табылған сақтар мен үйсіндердің ғұрыптық заттары – шырағданның үш тағанды бөлігі, қазан, ғұрыптық ыдыстар, шырағдан, тарихи және көркемдік құндылығы теңдесіз жәдігерлер – XIX – XX ғғ. дәстүрлі киім үлгілері мен зергерлік өнер туындылары, тұрмыстық бұйымдар мен сәндік-қолданбалы өнер туындылары ұсынылып отыр. Көрме биылғы жылғы  9 желтоқсанына дейін жалғасады, онда ұлы даланың көркем де әспетті көркем бейнесі көз жауын алады.

                  

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.02.2019

Салық төлеушілердің 20 миллион теңге өсімпұлы кешірілді

19.02.2019

Сенаторлар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады

19.02.2019

56 ауылды елді мекен сапалы интернетпен қамтылды

19.02.2019

«Сергек» жобасы жол-көлік оқиғаларының санын 15%-ға төмендетті

19.02.2019

Астанада шахматтан Әлем чемпионаты өтеді

19.02.2019

Халық сауалы жауапсыз қалмайды

19.02.2019

Қызылордада алаяқтар азаймай тұр

19.02.2019

Астана әкімдігінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар санының өсу себептері түсіндірілді

19.02.2019

Жеке клиникалардың белсенділігі жоғары

19.02.2019

«Алтын жауынгер» анимациялық фильмі жарыққа шығады

19.02.2019

Оразалы Досбосынов атындағы аудитория ашылды

19.02.2019

Шетелмен әріптестік нығайып келеді

19.02.2019

«Смарт-Астана» қосымшасының жаңа сервистеріне қатысты мәселелер талқыланды

19.02.2019

Дәурен Сүйеукенов: дзюдодан Еуропа кубогінде ел чемпионатындағы есемді қайтардым

19.02.2019

Әлия Юсупова Гран-при кезеңі мен Будапешттегі халықаралық турнирді қорытындылады

19.02.2019

Ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев батыр баламен кездесті

19.02.2019

Жер жаһанды шарлаған Мағжан

19.02.2019

Қарағандыда 24 000 жер үйге газ құбыры тартылады

19.02.2019

Абылайхан Жүсіпов Софиядағы турнирдің күміс жүлдегері атанды

19.02.2019

Елбасы «Лукойл» мұнай компаниясының президентімен кездесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу