Қазақстан • 14 Қараша, 2018

Ардақ Әшімбекұлы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды

549 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасының Жарлығымен Ардақ Әшімбекұлы  Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Ардақ Әшімбекұлы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды

«Ардақ Әшімбекұлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалсын», делінген Жарлық мәтінінде.

Мемлекет басшысының басқа Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары Әзімхан Әлиханұлы Жүсіпов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндеттерін уақытша атқарудан босатылды.

Сондай-ақ, Елбасының Өкімімен Ардақ Әшімбекұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы қызметінен босатылды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы міндеттерін уақытша атқару Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Бірінші департаменті Үшінші басқармасының аға инспекторы Жасұлан Аманжолұлы Сәрсембайға жүктелді.