Үкімет • 15 Қараша, 2018

Жемқорлықпен күрес жайы талқыланды

308 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды.

Жемқорлықпен күрес жайы талқыланды

Отырысты ашқан Гүлшара Әбді­қа­лықова өз сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 7 қарашада өткен Қауіп­сіздік кеңесінің отырысында сыбайлас жем­­­қорлыққа қарсы белсенді күрес жалғаса беретінін, халық қаражаттың қай­да және қандай мақсатқа жұмсалғанын білуге тиіс екенін айтқанын еске салды.

Комиссия отырысында халықты жұ­мыс­пен қамту саласындағы заңдылықты сақтауға, сондай-ақ «Нұрлы жол» инфра­құрылымдық даму мемлекеттік бағдар­ламасын жүзеге асыруға бөлінген қа­ражатты пайдалану тиімділігіне қатысты қабылданып жатқан шаралар талқыланды.

Сонымен қатар Бас прокуратураның, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Инвестициялар және даму, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері басшыларының баяндамалары тыңдалды. 

Жалпы, халықты жұмыспен қам­та­масыз ету мәселесі – мемлекеттің әлеу­меттік саясатының негізі. Бұл бағыт­ты қолдау бойынша қабылданған кешен­ді бағдарламалар еңбек нарығында тұрақ­тылықтың сақталуына және дағдарыс кезең­дерінің келеңсіз салдарларын жұмсар­туға септігін тигізеді. 

Бүгінде жоғарыда аталған бағдар­ла­маларды қаржыландыруға айтар­лық­тай мемлекет қаражаты бөлінуде. Сонымен бірге 2016 жылдан бері анти­кор­руп­ция­лық қызмет 194 қылмысты тіркеп, 32 адам сотталған. Заң бұзу жайттары негізі­нен жұмысқа тұру фактілерінің жалған­дығымен, бюджет қаражаты мен алынған шағын несиелерді басқа мақ­саттарға пайдаланумен байланысты болып отыр. 

Г.Әбдіқалықова осы орайда сыбайлас жемқорлық қатерлерін азайтатын тиімді тетіктерді енгізу қажеттігін айтты. 

Сондай-ақ құқық қорғау және ба­қы­лау органдары өкілдері комиссияны қар­жыландырылуы 3 трлн теңгеден ас­­­қан «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асы­­руға байланысты көптеген заң бұзу­шы­лықтар жөнінен хабардар етті. Мәселен, бағдарлама жүзеге асырыла басталғалы бері 120 сотқа дейінгі тергеу қолға алынып, 48 адам сотталған. Мемлекеттік ау­дит органдары жалпы құны 48 млрд тең­ге болатын заң бұзу жайттарын тірке­ген. 

Мемлекеттік хатшы сыбайлас жем­қор­лықты азайту үшін жергілікті жерлерде әрбір инвестициялық жобаның жүзе­ге асырылуын қамтамасыз ету, элек­тронды ресурстар мүмкіндіктерін кеңі­нен қолдану маңызды екенін атап өтті. 

Талқылау қорытындысы бойынша комиссия өкілетті мемлекеттік орган­дарға анықталған заң бұзу жайттарын жою бағытында нақты шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берді.

Серік ӘБДІБЕК,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше