Футбол • 15 Қараша, 2018

Жалақысы ең көп 10 футболшы

2116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италиялық танымал журналист Танкреди Палмэри өзінің Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында әлемде ең көп жалақы алатын 10 футболшының тізімін жариялады. 

Жалақысы ең көп 10 футболшы

Танкреди Палмэри­дің зерттеуі бойынша, Лионель Месси әлемде ең көп жалақы алатын футболшылардың көшін бастап тұр. Оның жалақысы – 40 миллион еуро. Осы жазда «Ювентус» клубына ауысқан Криштиану Роналду жаңа командасында жылына 31 миллион еуро жалақы алады. Үздік үштікте ПСЖ клубының футболшысы Неймар тұр. Оның жылдық табысы – 30 миллион еуро. 

Үздік ондыққа Андрес Иньеста (25 млн), Оскар (24 млн), Алексис Санчес (22,5 млн), Антуан Гризманн (20 млн), Халк (20 млн), Хавьер Маскерано (19 млн) және  Габи (19 млн) енген.

 

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»