Ғалым Байназаров: Теңге тарихи миссиясын толық орындады

Ұлттық валютамыздың айналымға енгізілгеніне 25 жыл толуына орай белгілі экономист, ғалым, Қазақстан Ұлттық банкінің тұңғыш төрағасы Ғалым Байназаровпен сұхбаттасқанды жөн көрдік.  

Егемен Қазақстан
15.11.2018 14467
2

– Ғалым Байназарұлы, тең­­ге­­міздің «өмірге келуіне» өзін­­дік қолтаңба қалдырған қар­­жы­­герсіз. Осы жұмыстың басы-қасында жүріп, теңгені айна­лысқа енгізуге Ұлттық банк ұжы­­мы, өзіңіз үлкен еңбек сіңір­­діңіз. Жоқтан бар жасау қашан да оңай емес екені бел­гілі, елдің қаржы жүйесінің 25 жыл бұрынғы жағдайы мен қазір­гі­сінің арасы жер мен көктей шығар...

– Иә, ол еліміз енді ғана еге­мен­­дігін алған кезең болатын. Кеңес Одағынан бөлінген мем­­ле­­­кет­­­тер өз бетінше өмір сүру­ді жаңа бастап жатқан кез. Оған де­йін біздің экономикамыз, қар­жы, банк жүйесі бір орта­лық­тан, Мәс­кеу­дегі одақтық мекемелер ар­қылы басқарылды. Соған орай, біз­де дербес қаржы-кредит сая­саты, банк жүйесі, ұлттық валюта бол­ған емес. Алыс-жақын шет­ел­­дер­мен есеп-қисап айырысатын шоттар, ішкі және сырт­қы есеп-қисап ашатын жүйе, дербес төлем балансы, басқа да инф­ра­құ­рылымдық жүйелер жоқ бола­тын. Сол себепті, кеңестік бір­тұтас экономика ыдырағаннан ке­йін егемендік алған мемлекеттер үлкен қиындыққа ұшырады. 1991-1992 жылдары өзінің ұлт­тық валютасы жоқ, рубль ай­ма­­ғын­­­­дағы елдер амалсыздан Ре­сей­­­­дің экономикасында жүр­гі­зі­­­ліп жатқан реформаларға, қар­­­­жы және несие саясатына тәуел­­­ді болып қала берді. Ал Ресей­­­де Е.Гайдар бастаған «жас моне­­та­ристер» тобы үкімет би­ліг­іне келіп, бағаны бетімен ж­і­бер­ді. Со­ның салдарынан ақша құн­­сыз­­дан­ды, тауардың тұтыну баға­­сы­ның өсімі шарықтап кетті, ин­фля­­ция мыңдаған пайыздан асып жат­ты. Мысалға, сол 1991 жылы инфляция деңгейі бір жылдың ішін­де 147,1 пайызға, 1992 жылы 2960,8 пайызға жетіп, ал 1993 жылы 2165,0 пайыздан асып жы­ғыл­ды. Сөйтіп алғашқы үш жыл­дың ішінде 5272,9 пайыздан ас­там инфляция туындады. Ал ол кезде Үкіметтің қолында инф­ля­циямен күресетін арнайы қара­­жаттық қор немесе орталық банк­­тің алтын-валюта резерві және басқалары болған жоқ. Ол кезде алтын-валюта резерві әлі құрыл­маған-ды. Ал біздің мем­лекет­тік бюджет үлкен дефицитпен орындалып жатты. 

Осындай қиын жағдайда біздің алдымызда үш негізгі мәселе тұр­ды. Бұл ретте мемлекетіміздің саяси егемендігін, оның тіреуші, негізгі күші болатын дербес эко­номи­касын құру міндеті алға шық­ты. Осыған орай бірінші ке­зек­те дербес ақша-қаражат сая­­сатын қалыптастыру, тәуелсіз банк жүйесін құру, сөйтіп экономиканы өз бетімізше басқаруға мүмкіндік беретін жаңа басқару тетік­терін жасап, іске қосу мақ­саттары тұрды. Екіншіден, осы­ған байланысты ұлттық валютаны жасау керек болды. Үшіншіден, осы ұлттық валюта қолданысқа қос­ылған жағдайда валютаның дер­бес айналымын қамтамасыз ете­тін жаңа қаражат кеңістігі, осы кеңістіктегі жұмысты жүр­гі­зе­тін қабілетті, заманауи жеке құ­рылымдар, бұрын-соң­ды бол­маған жаңа қаржылық инфра­құрылым жасау қажет еді, онсыз валюта өз міндетін орындай алмайтын. Инфрақұрылым ішінде бізге тез арада алтын-валюта қоры, электронды банкаралық қаражат, валюталық биржалары, банкноттық фабрика, монета сарайы, валюта және құнды металл, онымен қоса, бағалы қа­зы­на сақтау қоймалары, дербес төлем және есеп айыру жү­йе­лері, шетел банктерімен кор­рес­понденттік қатынастар қа­лып­тастыру, қаржылық есе­бі­мізді, бухгалтерлік есеп жү­йе­сін шетел стандарттарына көші­ру­дің алғышарттарын бас­тау, банк саласының жаңа бақы­лау жүйесін жасау, онымен өз деңгейінде жұмыс істей алатын ма­мандар дайындау, барлық құры­лымдарды озық заманауи компьютерлік технология­мен, жаңа көлік байланысы жаб­дық­тарымен жасақтау және бас­қа жұмыстарды іске асыру керек болды.  

Мен 1992 жылдың басында, нақтырақ айтсам, қаңтардың 17-сінде Ұлттық банк төрағасы болып тағайындалдым. Жоғары­да аталған барлық нысандар­ды, басқа да сан қырлы шаруа­лар­дың барлығын біз қысқа уақыт, 1992-1993 жылдар ара­лы­­ғында, біржарым жылдық мер­­зімде іске қосып үлгердік. Әсі­ресе гиперинфляция кезінде бағаның шарықтап ырықсыз өсуі­не төтеп бере алмай, банк­рот­тық жағдай бастарына тіке­лей төнген, экономика­ның қара шаңырағын құрайтын түс­ті және қара металл, уран, титан, мұ­най, газ, көмір өндірістерін, те­міржол, басқа салалардағы аса ірі ғылыми-өндіріс орындарын, ауылшаруашылық ком­плек­сін сақтап қалу шараларын­да Үкі­мет, болмаса басқа қаражат инс­ти­туттарының бұл мәселені шешу­ге қажетті қаражаттық мүм­кі­ншіліктері болмады. Осы мақ­сат­тағы шараларды орындау жолында Ұлттық банк және жаңа құ­ры­лып жатқан екінші дең­гей­дегі банк жүйесіне ел Пре­зи­денті және Жоғарғы Кеңес тарапынан жауапты міндеттемелер жүк­телді, бұл олар үшін үлкен сын болды. Барлық қиындықтарға қарамастан Ұлттық банк және банк жүйесі осы тарихи мін­детті ойдағыдай орындап, осы жағ­дайға тығыз байланысты еге­мендік құқымызға негізделген ар­наулы дербес қаржы-кредит сая­с­атын іске асырып, 1991-1993 жылдардағы гиперинфляцияның алпауыт апатынан ірі өндіріс ошақ­т­арын, экономиканы құр­дым­ға кетірмей, сақтап қалды. 

– Айтқандай, ұлттық валютамыз алғаш қолданысқа енген тұста теңгенің бағамы 1 АҚШ дол­ларына шаққанда 4,75 тең­ге болған екен. Тіпті 1 теңге 500 рубльге айырбасталған. Ал қазіргі жағдайды өзіңіз білесіз, АҚШ ақшасының құны аспандап тұр. Теңге бағамының бұлайша құбылуына не себеп?

– Әрине, валюта – эконо­ми­ка­ның басқару құралдарының негізгілерінің бірі. Бірақ бұл халықаралық дағдарыстардан, экономика құрылымындағы бір­жақ­тылықтан туындайтын әсер­лерге тыйым бола алмайды. Ал ұлттық валютамыз теңге ай­­налымға енген 25 жыл ішін­де ел экономикасында орын ал­­ған қиын дағдарыстардың зар­­дап­тарымен күресуде тари­хи мис­сиясын толығымен орын­­дады деп ойлаймын. Егер бізде өз валютамыз емес, басқа ел­дің валютасы қолданыста бол­ған болса, экономиканың бас­қару саясаты, оны жетілдіру мәселелері қолымызда болма­ған болар еді. Басқа елге тәуелді бодан­дық қалпымызға қайта ора­­лар едік. Осы уақыт ішінде эко­но­­микамыз үш дүркін үлкен дағ­­дарысты бастан кешірді. Әсі­ресе кеңес дәуіріндегі жоспарлы эко­но­микадан нарықтық эко­но­микаға көшу кезеңіндегі (1992-1997 жж.) дағдарыс өте ауыр болды. Осы жылдары (1995 ж.) өнер­кәсіп өндірісі 1990 жыл­­мен са­лыс­тырғанда 52 па­йыз­ға, ауылшаруашылығы 48 пайыз­ға құлдырап, экономикада құры­лым­дық диспропорциялық дағ­дарыс пайда болды, мұнай мен газ өндірістеріне біржақты тәуел­ділік орын алды. Бұл уақытта мұнай бағасы біресе өсті, бі­ресе құлдырады. Ал отандық эконо­ми­ка­ның 25-30 пайызы, экс­порт­тағы 60-65 пайызы мұнай мен газ­дың бағасына тіке­лей бай­ла­нысты. Сондықтан бұл кезде тең­­генің долларға қатысты баға­мы да бір орында болған жоқ. Әсі­ресе 1998 жылы Ресейдің дефолт­тық дағдарысы кезінд әлсіреп, 1999 жылы теңге бағамы қатты құлады. Одан кейін 2009 жылы Дүниежүзілік қаржы дағ­дары­сы басталған кезде ұлттық валютамыз тағы да үлкен соққы алды. Одан соң 2014-2015 жылдары тағы құнсызданды. Төмендеу 30-40 пайызға дейін жетті. Міне, осы­лар­дың салдарынан қазірге дейін теңгеміз еңсесін толық тіктей алған жоқ. Әлі күнге бағам біресе асып, біресе түсіп тербелісте тұр. 

Алғаш қолданысқа ен­ген­де 1 тең­ге 500 рубльге айыр­­бастал­­ға­ны рас. Алайда біз­дің есе­бі­міз бо­йынша, сол кездегі құн­­сыз­­­дану­дың қарқынын есепке ала отырып, 1 теңгені 1000 рубл­ь­ге айыр­бастау керек еді. Бі­рақ сол кездегі Ұлттық комиссия мен Үкімет бұл мәселенің эко­но­­ми­ка­лық тиімділігінен гөрі сая­си жақтарына көбірек мән беріп, Ұлт­тық банктің ұсынысын қабыл­дама­ды. Сол қателік те теңге ба­ға­­мына осы уақытқа дейін кері әсерін тигізіп отыр деп ойлаймын. 

– Биыл ұлттық валюта бағасын қадағалауды қайтадан Ұлттық банкке беру керек деген ұсыныстар да айтылып жатты. Сіз бұған не дейсіз?

– Иә, соңғы екі жылда Ұлт­тық банк теңге бағамын ашық кеңіс­тікке, нарықтың реттеуіне қоя берді. Әрине, егер елде инфляция деңгейі 2-3 пайыздан аспай, экономикасы тұрақты болса, осылай болғаны өте дұрыс. Бірақ экономикамыз сыртқы факторларға бағынышты, шикізаттың әлемдік нарықтағы бағасына тәуелді, ішкі экономикадағы мұнай мен газ бағыттарынан басқасының қуаты мардымсыз кезде, әрине, менің ойымша, теңгенің бағамын әлі де болса орталық банктен реттеген жөн сияқты. Біздің экономикамыз Қашаған мұнай өндіріс орны іске қосылғаннан бері және мұнай бағасының жоғарғы қарқынмен көтерілуіне байланысты біраз өсу жолына түскендей. 2017 жылы экономиканың өсу деңгейі 4 пайыздан сәл асты. Ал теңге бағамы экономиканың өсіміне, тауар бағаларына, әсіресе халықтың күнкөрісіне тікелей әсер етеді. Сондықтан мұны шама келгенше ырықтандырған жөн, теңгені долларға телу мәселесінен шығатын басқа баламалы жолдарды зерттеп, іздеу керек. 

– Әңгімеңізге рахмет. Кәсіби мерекеңіз құтты болсын.

Әңгімелескен Динара БІТІК, 

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.02.2019

Гагарин кубогындағы қарсыластар анықталды

23.02.2019

«Алматы марафонының» жүгіру маусымы ашылды

23.02.2019

Түркістанда «Балдәурен-2019» байқауы өтті

23.02.2019

Түркістан: Түлкібас ауданында 6 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді

23.02.2019

Атырауда көпбалалы үйлерге улы газды анықтайтын детекторлар тегін орнатылып жатыр

23.02.2019

Бейбіт Атамқұлов Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілімен кездесті

23.02.2019

Бектас Бекназаров Молдовадағы сайлауды бақылауға қатысты

23.02.2019

Елшілер институты Қазақстанға отандық жұлдыздардың жанкүйерлерін тартуға жол ашады

23.02.2019

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

23.02.2019

Бадминтоннан әлем кубогі: қазақстандықтар жұптық сында келесі кезеңге өтті

23.02.2019

Юлия Галышева Жапониядағы әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды

23.02.2019

Елордада ашық құдықтар мәселесі қалай шешілуде?

23.02.2019

Астанада әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру мәселелері талқыланды

23.02.2019

Қоғамдық қабылдауда ақтөбеліктердің мыңнан астам мәселесі шешілді

23.02.2019

ТМД құрылысшылары баға белгілеу саласында тәжірибе алмасты

23.02.2019

Жас теміржолшылар республикалық «Jas qanattar»  форумына қатысты

23.02.2019

Қостанай облысында өткен жылы өңдеу өнеркәсібінің өсімі 5,8 процентке артты

23.02.2019

Мақсат - әр тұрғынға отыз шаршы метр баспана беру

23.02.2019

Қызылорда облысы Полиция департаментінің жеке құрамы үшін гарнизондық жиын өтті

23.02.2019

Лондонда қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу