Қазақстан • 16 Қараша, 2018

Адами капиталдың маңызы зор

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада «Интеграциялық және жаңғырту процес­тері жағдайында адам капи­та­лын дамыту» атты халық­аралық ғылыми кон­­ферен­ция өтті. Еу­разиялық интеграция ин­сти­туты ұйымдастырған шараның мақсаты – же­тек­ші ғалымдар мен сарап­шылардың жаң­ғырту про­цес­тері жағдайында адам капиталының қа­лып­тасуы бағытындағы зерттеулерінің тә­жіри­бе­лерімен бөлісу.

Адами капиталдың маңызы зор

Халықаралық конференцияға орта­лық және жергілікті мемлекеттік ор­­гандардың, халықаралық және үкі­меттік емес ұйымдардың өкіл­дері, отандық және шетел­дік ғалым­дар мен сарапшылар қатысты. Адам капиталының сапасы ин­но­вациялық-зияткерлік экономиканы дамыт­у­дың маңызды факторы және Қаз­ақстанның әлеуметтік-эконо­­микалық сая­сатының негізгі бас­­ымдығы болып табылады. Осы ор­ай­да, Қоғам­дық даму министр­лігі Аза­мат­тық қоғам істері ко­ми­­­­­­­­­­­теті төр­­ағасының орынбасары Ба­қыт­­­­­жан Нарымбетов, Білім және ғы­лым министрлігі жо­ғары және жо­ғары оқу ор­­нынан кейінгі білім департаменті дирек­торының ор­­ынбасары Бану Нар­бекова адам капиталына қатысты баяндама оқып, ат­алған ведомстволардың өткен жылы ұйымдастырған шаралары мен жұмыстарына тоқталды. Пе­дагогика ғы­лым­дарының докторы Александр Тесленко «Кәмелетке тол­­ма­ған­дарды зерттеу» ор­та­лы­ғы­­н­ың жас­­тар арасындағы құн­ды­лықтардың қай­сысы маңызды екендігіне байланыс­ты сауалнама жүр­гізгенін айтты. Оның айтуынша, жас­тар­дың басым көпшілігі білімді таң­даса,  қал­ған бөлігі мансап пен от­бас­ыны жоғары бағалайды. 

Халық­­аралық конференцияға қа­ты­су­­шы­­лар талқылау барысында ғылыми-тал­дау ор­та­лық­тарының, қоғамдық ин­сти­­туттардың, дипломаттар мен са­рап­шы­лар­дың ынтымақтастығы Еуразия кеңіс­тігінде қол жеткізген сенім деңгейін жоғарылатады және қоғамдық дипломатияны дамытады және тереңдетеді деген қорытындыға келді. Жиын соңында қа­тысушылар қарар қабылдады.  Ол бойынша халықаралық ғылыми конференция материалдары мен мақалаларының жинағын дайындап, басып шығару ісін жоспарлады.

Ақмарал АҒЗАМҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»