Аймақтар • 16 Қараша, 2018

Жәрмеңкеден кәрзеңке толып қайтты

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жәрмеңкеден кәрзеңке толып қайтты

Кеншілер астанасында биыл­ғы жылдың алғашқы «Ауыл − береке» жәрмеңкесі өтіп, қала тұр­ғындары нарықтағыдан әлде­қайда төмен бағаға азық-түлік өнімдерін сатып алды. Бұл жолы жалпы кө­лемі 500 тоннадан астам ет пен сүт өнімдері, көкөністің бірнеше түрі саудаға түскен болатын. 

Қала тұрғындарына ың­ғай­лы болуы үшін сауда нүк­те­­лері орналасқан жерге жер­гі­лік­ті билік өкілдері арнайы автобус­тар ұйымдастырды. Са-у­д­а орын­­дарын жалға алу тегін бол­­ған­дықтан, тауарлар төмен­де­тілген бағамен сатылды. 

Жәрмеңке ойын-сауықсыз өткен бе?! Осакаров ауданынан келген қонақтар жайма базар төрінде «Бауырсақ-шоу» ұйымдастырды. Бахаршы қауым үйде пісірілген бауырсақтан дәм татты. Ал сөре­лердің маңын­да ор­наласқан сахнада өңірдің өнер­паздары шағын концерт қойып, жәрмеңке көрігін қыздырды. 

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ