Қарағандыда қара фонға салынған картиналар көрмесі ашылды

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында суретші Пётр Кишкистің «Қара фондағы жұмыстар-1» деп аталған жеке көрмесі ашылды. Көрермен назарына қылқалам шеберінің картиналары кескінделген  қара түсті 42 қағаз парағы ұсынылған. «Фонның қара түсі тереңдік пен кербездік сыйлайды», дейді автордың өзі. Суретшінің ерекшелігі де сол, ол өзінің туындыларын тек қана қара түсті фонға салады.

Егемен Қазақстан
16.11.2018 2609
2

Жалпы, бұл суретші жоспарындағы үш көрменің алғашқысы. Екінші көрменің атауы – «Өнердегі қарындаш». Ал сынақ жұмыстарынан құралған үшінші көрме «Энергия» деп аталады.

Көрме авторының идеясы бойынша, көрермендер суретшінің шеберханасында жүргендей әсер алуы керек. Мұны ол көрмеге келушілермен жүргізілген ойын деп атайды. Тіпті суретші картиналараның атауын да жазбаған. Мұндай тәсіл көрерменмен сенімді қарым-қатынас құруға септігін тигізеді деп санайды шебер.

– Оның еңбекқорлығы, шеберлігі, шығармашылық қиялы өте зор, стильді сезіне алуы ерекше. Мұндағы жұмыстарының бір де бірінде этикетка жоқ, ол өзінің ойын ешкімге мәжбүрлемейді. Барлығы қара фонда, бәріміз ғарышқа сүңгігендей әсер аламыз. Оның туындыларына қарап, тұңғиыққа шомуға болады. Құдды бір галактика, – деген пікір білдірді облыстық бейнелеу өнері мұражайы директорының орынбасары Александр Гехт.

Пётр Кишкис тек қара фонға сурет салып қана қоймайды. Сонымен қатар ол түрлі ғимараттардың ішкі көрінісін безендірумен де айналысады.

–  Мен кез келген стиль бойынша жұмыс істей беремін. Дегенмен, кескіндемеде анағұрлым шыншылмын. Менің алғашқы көркем суретім Жаңа Майқұдықтың мәдениет үйінде тұр. Одан кейін «Интерфуд» кафесінде сурет салдым. Сондай-ақ үш жыл бойы Жезқазғанда шіркеу ішін безендірумен айналыстым, – дейді Пётр Кишкис.

 

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.02.2019

Салық төлеушілердің 20 миллион теңге өсімпұлы кешірілді

19.02.2019

Сенаторлар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады

19.02.2019

56 ауылды елді мекен сапалы интернетпен қамтылды

19.02.2019

«Сергек» жобасы жол-көлік оқиғаларының санын 15%-ға төмендетті

19.02.2019

Астанада шахматтан Әлем чемпионаты өтеді

19.02.2019

Халық сауалы жауапсыз қалмайды

19.02.2019

Қызылордада алаяқтар азаймай тұр

19.02.2019

Астана әкімдігінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар санының өсу себептері түсіндірілді

19.02.2019

Жеке клиникалардың белсенділігі жоғары

19.02.2019

«Алтын жауынгер» анимациялық фильмі жарыққа шығады

19.02.2019

Оразалы Досбосынов атындағы аудитория ашылды

19.02.2019

Шетелмен әріптестік нығайып келеді

19.02.2019

«Смарт-Астана» қосымшасының жаңа сервистеріне қатысты мәселелер талқыланды

19.02.2019

Дәурен Сүйеукенов: дзюдодан Еуропа кубогінде ел чемпионатындағы есемді қайтардым

19.02.2019

Әлия Юсупова Гран-при кезеңі мен Будапешттегі халықаралық турнирді қорытындылады

19.02.2019

Ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев батыр баламен кездесті

19.02.2019

Жер жаһанды шарлаған Мағжан

19.02.2019

Қарағандыда 24 000 жер үйге газ құбыры тартылады

19.02.2019

Абылайхан Жүсіпов Софиядағы турнирдің күміс жүлдегері атанды

19.02.2019

Елбасы «Лукойл» мұнай компаниясының президентімен кездесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу