Айдос Тұрысбек: Самал Еслямова «Хабар» арнасының фильміне түсіп жатыр

«Хабар» телеарнасы әлемнің ең үздік жобаларын қазақ тілінде көрсете бастады. Ақпараттар жаңа форматта беріліп, төл телехикаялар саны көбейді. Осы және өзге де өзгерістер туралы телеарнаның Бас продюсері Айдос Тұрысбек кеңінен әңгімеледі.

Егемен Қазақстан
16.11.2018 5243
2

- Айдос Рахымжанұлы, ең алдымен телеарнаның 23 жылдығымен құттықтаймыз! Атаулы мереке қарсаңында телеарнаның көрермен қауыммен бөлісетін қандай жаңалықтары бар?

-  Рахмет! Иә, жақында «Хабар» телеарнасына 23 жыл толды. Осы мереке қарсаңында көрерменге бірнеше жаңа туынды ұсындық. Телеарнадағы бағдарламалар да жаңашылдыққа бет бұрды. Қазір байқасаңыздар, жаңалықтар басқа форматта беріліп жатыр. Елбасы биыл «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында айтылған бастамалардың жүзеге асырылуын көрерменге қаз-қалпында жеткізіп, күннің басты жаңалықтарынан хабардар етудеміз. Телеарнада «Біздің назарда», «Давайте говорить», «Онлайн», «Білу маңызды» сияқты бағдарламалар қоғамда орын алып жатқан түрлі әлеуметтік мәселелердің түйінін шешуге себепкер болып жүр. Редакциямызға өз проблемаларын айтып, түрлі өтініштерін жазатын көрермендер көп. Біз сол мәселелердің анық-қанығына жетіп, оны ашық талқыға саламыз. Сондықтан халықтың «Хабарға» деген  сенімі жоғары. Отандық телехикаялар мен деректі фильмдер санын көбейттік. «Қарлығаш ұя салғанда», «Жалғыз жауқазын», «Пәленшеевтер», «Өз үйім», «Аға», «Тағы да сүй», «Менің тағдырым», «Ғашықтар», «Детектив әже» сериалдары көрермен қауымға ұнап жатыр. Деректі фильмдердің де рейтинг көрсеткіші жоғары екені қуантады. Таяуда ғана «Бөрі» фильмі эфирге шықты. Бұл сериал да көрермен көңілінен шығады деп ойлаймыз. Биыл ел тарихында тұңғыш рет Қазақстан «Балалар Евровидениесіне» өз әншісін қосты.  Халық пен қазылар алқасының шешімімен байқауға Данэлия Тулешова баратын болды. Көрермендер Минскіде өтетін дүбірлі доданы 25 қараша күні сағат 21:00-де «Хабар» телеарнасынан  тікелей эфирде тамашалай алады. Қазақстандықтар  junioreurovisioin.tv сайтына кіріп, дауыс беру арқылы Данэлияның жеңімпаз атануына көмектесе алады.  Дауыс беру 23-25 қараша аралығында өтеді.

- Теларнада әлемдік деңгейдегі бағдарламалардың қазақ тіліндегі нұсқалары көрсетіліп жатыр. Шетелдік франшизамен жұмыс істеу қаншалықты тиімді?

- Біз өзіміздің төл туындыларымызға көп мән береміз. Десе де көрерменнің талғамын әлемдік деңгеймен де ұштастырғымыз келді. Сондықтан көрермендерімізге әлемдік трендтегі жобаларды қазақ тілінде көрсете бастадық. Мысалы, «Топжарған» бағдарламасы әлемнің бірнеше елінде бар. Қазір бізде жоғары рейтингке ие бағдарлама қатарында. Көрермендермен де дәл осы жоба бойынша кері байланыс жақсы.  Қазақстанда бұрын-соңды мұндай шоу болмаған. Біздің мақсатымыз  талантты жастарға қолдау білдіру.

Сол сияқты «Миллион кімге бұйырады?», «Зерде» бағдарламалары да франшизамен алынған жобалар. «Миллион кімге бұйырады?» 20 жылдан бері әлемнің көптеген елінде көрсетіледі. Осы маусымнан бастап бұл жоба көрермен сұрауы бойынша қазақ тілінде шықты. «Зерде» бағдарламасына келер болсақ, бұл көрерменнің  білімін шыңдайтын танымдық бағдарлама. Бір айырмашылығы бұл жобада қатысушы ақша үшін сынға түспейді. Біз мұнда Қазақстандағы ең интеллектуалды адамды анықтаймыз.

Сондай-ақ телеарнада «Таңғажайып әлем», «Шебер аспаз», «Жаратылыс. Адамзат тарихына саяхат», «Марс» деп аталатын «National Geographic» түсірген туындыларды ұсынудамыз. Мұндай ғылыми, танымдық жобаларды көбейту арқылы көрерменнің білім деңгейін, таным көкжиегін кеңейткіміз келеді. Жоғарыда айтылған барлық франшизалық өнімдер телеарнадағы көркемдік кеңес мүшелерінің шешімімен бекітіледі. Франшизалық дүниелерді алудың да, онымен жұмыс істеудің де қиындықтары бар. Мысалы, адамдар танымал жобаларды BBC-дан  көріп үйреніп қалған. Ал біз содан кем түспейтін туынды жасауымыз керек. Франшиза – бұл идеялар мен үлгі алу алаңы. Біз шетелдік теленарықтан өзімізге керегін алып, тәжірибе алмасып, жаңа туындылар санын көбейту арқылы көрермен қызығушылығын арттырамыз.

- Бағдарламалардың атын латын қарпімен бере бастадыңыздар. Бұл үлгіге телеарна толықтай өте ме?

- Латын қарпіне көшу – заман талабы. Бұл ана тіліміз үшін дұрыс қадам деп есептейміз. Елбасының қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлығы шыққан сәттен біз күндізгі жаңалықтардағы титрларды латын қарпімен жаза бастадық. Бұл жүйеге көшуді біртіндеп енгіземіз. «Хабар» телеарнасы жаңа бастамаға әрдайым дайын.

- Қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылайтын «Онлайн» ток-шоуы көрерменге жол тартқан жобаның бірі. Бұл бағдарлама арқылы шешімін тапқан мәселелер бар ма?

– 10 қыркүйектен бастап аптаның алғашқы үш күні сағат 20:30-да «Онлайн» ток-шоуы тікелей эфирге шығып жүр. Бағдарламаны белгілі журналист Ерлан Игісінов жүргізеді. Жоба барысында көптеген әлеуметтік мәселелер шешімін тауып жатыр. Редакцияға еліміздің әр аймағынан қоғамдық-әлеуметтік мәселесін айтып хабарласатындар көп. Жақында Жамбыл облысынан В.Баранов деген ақсақал хабарласқан болатын. Біз оның барлық проблемасына тыңдап, шағын ауылдағы жол салу, жарық беру, су жүргізу, автобустардың дұрыс қатынауы секілді мәселелердің шешімін табуға көмектестік. Мен қазір бір ғана мысал келтіріп отырмын. Ал негізінде мұндай мысалдар өте көп. Қазақстандықтар медициналық көмек алу үшін не себепті шетелге баруы тиіс, оқушылардың 3 ауысымды мектепте оқуы, балабақшалардағы тәртіп сияқты көптеген әлеуметтік тақырыптарды ашық алаңда талқыға салып, әрбіріне көмектесуге тырысамыз. Көрерменмен интерактивті байланыста жұмыс жасайтын бұл жобаның әлеуметтік жауапкершілігі өте көп.

- Бекзат Саттархановтың өмірі мен спорттағы жетістігі туралы телехикая түсіріліп жатыр деп естідік. Телеөнім қазір қай деңгейде? Көрермен қауымға қашан ұсынылады?

- Бұл жоба еліміздің абыройын асқақтата түскен Бекзаттың өмірі мен спорт саласында жеткен жетістіктеріне арналады. Сериалдың түсірілім жұмыстары енді ғана басталды. Телеөнім дайындау оңай жұмыс емес. Көрермен теледидардан көретін 45-60 минуттық бір ғана сериалдың ар жағында қаншама адамның еңбегі бар. Күн-түн демей  түсірілім тобы жаңа туынды үшін бар күш-жігерін салады. Сапалы дүние жасап шығару біраз уақытты талап етеді. Сондықтан түсірілім тобы қазір қызу жұмыс үстінде. Олар телехикаяны түсірерде Шымкент қаласына барып Бекзат Саттархановтың ата-анасы, достары және бапкерлерімен арнайы тілдесіп қайтты. Сондай-ақ спорттағы әріптестерінен ол туралы естеліктерді жинап жатырмыз. Бекзат Саттарханов қазір тірі болса, үлкен деңгейдегі спортшы болар еді. Фильмнің эфирге қай уақытта шығатыны әзірге белгісіз.

- «Батырлар жолы» деп аталатын тарихи көркем фильм түсіріліп  жатыр еді. Түсірілім жұмыстары аяқталуға жақын ба?

- «Батырлар жолы» тарихи көркем фильмі біздің тәжірибеміздегі алғашқы толық метражды туынды. Оның түсірілім жұмыстары жалғасып жатыр. Қоюшы режиссері Асқар Ұзабаев. Бұл картинада Қарасай батырдың өмірі, Қазақ даласының басынан өткен қиын-қыстау кезеңі суреттеледі. Фильмде ұлан-ғайыр өлкемізді найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған батырларымыздың ерлігі, ел басына күн туған заманда көрсеткен қайсарлығы, мемлекет тұтастығының маңызы көрсетіледі. Актерлер құрамы да жақсы жасақталған. Басты рөлдерді Назар Сұлтанов, Әшім Ахметов, Жандос Айбасов, Ержан Нұрымбет, Алдабек Шалбаев, Айдос Бектемір, Мөлдір Мекенбай сынды актерлер ойнайды. Сонымен қатар 71-ші Канн кинофестивалінде «Ең үздік әйел рөлі» аталымын жеңіп алған Самал Еслямованы Қарасай батырдың анасы образында көресіздер.

Бұл жобаға түсірілім тобы жан-жақты әрі тыңғылықты дайындалды. Тарихшылармен кеңесіп, сол заманды шынайы көрсету үшін әр декорация мен локация ұзақ таңдалды. Жекпе-жек көріністерін сомдауға Жайдарбек Күнғожинов бастаған қазақстандық каскадерлер қатысты. Сондықтан ол өскелең ұрпаққа берері мол дүние болады. Бұл туындыны келесі жылы наурыз мерекесіне қарсы көрсетіп қаламыз.

- Телеарна өнімдерінің қанша бөлігін жеке продакшн компаниялар дайындайды?

- Телеөнім дайындау жұмысын жеке аутсорсинг компанияларға беру дәстүрі бар. Біраз дүниені өзіміз жасаймыз. Оған барлық жағдай жасалған, мүмкіндік жетеді. Десе де туындыларды дайындау ісін продакшн компанияларға беру арқылы біз көп ұтып отырмыз. Мұндай жағдайда телеарнадағы бағдарламалар бір біріне ұқсамайды. Оның сценарийлік мәтіні де, режиссерлік көзқарасы да ерекше болады. Қазір жеке аутсорсинг компаниялар өте көп. Мұндай ұжымдармен жұмыс істеу арқылы олардың арасында үлкен бәсекелестік туады. Әрқайсысы сапалы дүние жасағысы келеді. Сондықтан да қазір эфирде сүзгіден өткен, сапалы туындылар көрсетіліп жатыр. Мұндай әріптестік байланыс теленарықтың ілгерілеуі үшін аса тиімді.

- Жақында өткен «Astana Media Week» апталығында Қазақстан медиасының бірінші басшылары продакшн-студиялармен тет-а-тет кездесу өткізген еді. Осы апталық аясында қандай да бір келісімдер жасалды ма?

- Иә, әрине.  «Astana Media Week» апталығы аясында Петропавл, Лисаковскіден келген компаниялармен сөйлестік. Олар шағын ғана компания болса да сапалы дүние ұсына алады. Біз олармен байланыс жүргізе бастадық. Көп жағдайда жастардың үлкен телеарнаға келуге батылы жете бермейді. Осы ретте «Astana Media Week» апталығы осындай талантты жастарға үлкен жол ашты. Ал біз жаңа трендтермен таныса алдық. Бір жағынан шағын компаниялар апталық аясында тәжірибе алмасты. Мұндай ауқымды шаралардың теленарыққа берері көп. Телеарнада көркемдік кеңес бар. Бізге кез келген компания өз ұсыныстарын еркін бере алады. Егер көркемдік кеңестің барлық талаптарына сай болып жатса, біз оны қуана-қуана эфирден көрсетуге дайынбыз.

- Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен Маржан ТІЛЕУБЕК,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.02.2019

Гагарин кубогындағы қарсыластар анықталды

23.02.2019

«Алматы марафонының» жүгіру маусымы ашылды

23.02.2019

Түркістанда «Балдәурен-2019» байқауы өтті

23.02.2019

Түркістан: Түлкібас ауданында 6 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді

23.02.2019

Атырауда көпбалалы үйлерге улы газды анықтайтын детекторлар тегін орнатылып жатыр

23.02.2019

Бейбіт Атамқұлов Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілімен кездесті

23.02.2019

Бектас Бекназаров Молдовадағы сайлауды бақылауға қатысты

23.02.2019

Елшілер институты Қазақстанға отандық жұлдыздардың жанкүйерлерін тартуға жол ашады

23.02.2019

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

23.02.2019

Бадминтоннан әлем кубогі: қазақстандықтар жұптық сында келесі кезеңге өтті

23.02.2019

Юлия Галышева Жапониядағы әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды

23.02.2019

Елордада ашық құдықтар мәселесі қалай шешілуде?

23.02.2019

Астанада әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру мәселелері талқыланды

23.02.2019

Қоғамдық қабылдауда ақтөбеліктердің мыңнан астам мәселесі шешілді

23.02.2019

ТМД құрылысшылары баға белгілеу саласында тәжірибе алмасты

23.02.2019

Жас теміржолшылар республикалық «Jas qanattar»  форумына қатысты

23.02.2019

Қостанай облысында өткен жылы өңдеу өнеркәсібінің өсімі 5,8 процентке артты

23.02.2019

Мақсат - әр тұрғынға отыз шаршы метр баспана беру

23.02.2019

Қызылорда облысы Полиция департаментінің жеке құрамы үшін гарнизондық жиын өтті

23.02.2019

Лондонда қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу