Аймақтар • 16 Қараша, 2018

Атырауда жүргізушілер мен автобус жолсеріктерінің жалақысы екі есеге өсті

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жолсеріктер мен жүргізушілердің жалақысын өсірудегі  мақсат - қалалық автобустарда электронды билет жүйесінің тиімді енгізілуі, деп xабарлайды Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Атырауда жүргізушілер мен автобус жолсеріктерінің жалақысы екі есеге өсті

Бұл туралы «Смарт-Атырау» КММ басшысы Әділбек Танкиев мәлімдеді. Мәлімдемешінің айтуынша, ағымдағы жылдың қарашасынан бастап қоғамдық көлік жүргізушілері 110 мың теңге орнына 300 мың теңге жалақы алатын болады, жолсеріктер жалақысы 45 мың теңгеден 85 мың теңгеге өскен.

- Бұл шаралар қоғамдық көліктерде жолақы төлеудің электронды жүйесінің өте тиімді енгізілгендігінен қолға алынды. Жолаушылардың қозғалысын басқару, тасымалдаушы мекемелер кірістерінің ашықтығы, сондай-ақ бюджетке салық түсімдерін арттыру үшін. Жалақы барлық тасымалдаушы мекемелердің емес, тек санаулы мекемелердің  жүргізушілері мен жолсеріктері үшін ғана өсті,- деді Әділбек Танкиев.

Айта кетейік, қазіргі таңда электронды билет жүйесі 6 автобусқа енгізілді - 2,14,5,12,4,10. 1 және 20 автобустарда жүйе 1-2 күнде іске қосылады. Жолақы төлеу картасын қаладағы ірі сауда орындарында орналасқан 11 нүктеден ала аласыз. Сонымен қатар, жалақыны 7 төлем жүйесі арқылы төлеуге болады.

- Біз көлік жүргізу санаты сәйкес келетін жүргізушілерді келісім-шартқа отыруға шақырамыз,- деп толықтырды Әділбек Танкиев.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше