Қазақстан • 16 Қараша, 2018

Үнді бизнесмендеріне Қазақстандағы инвестициялық жобалар ұсынылды

510 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

12-14 қарашада Үндістанның астанасы Нью-Дели қаласында Қазақстан - Үндістан инвестициялық форумы өтті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі. 

Үнді бизнесмендеріне Қазақстандағы инвестициялық жобалар ұсынылды

Инвестициялық мүмкіндіктер туралы Форумның пленарлық отырысы Үнді Сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясының (FICCI) ғимаратында өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Үндістандағы Елшілігі «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясымен және FICCI-мен бірлесіп ұйымдастырды.

Қазақстандық делегацияны «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Сапарбек Тұяқбаев басқарды. Делегация құрамына Қазақстанның 10-нан астам жетекші компанияларының басшылары кірді.

Форумға Үндістанның сауда және индустрия министрлігінің, Сыртқы істер министрлігінің, Үнді Сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясының өкілдері, 50-ден астам үнді компаниялардың басшылары, сараптамалық және академиялық топтар, БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Болат Сәрсенбаев Қазақстан мен Үндістан арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары туралы әңгімелеп, екі ел ынтымақтастығының перспективалық бағыттарын айқындап, сондай-ақ форум қатысушыларына екіжақты сауда-саттықты дамытудың серпінді дамуы туралы хабардар етті.

С.Тұяқбаев Қазақстандағы инвестициялық ахуал туралы және елдегі бизнес-жобаларды іске асыру перспективалары туралы әңгімелеп берді. Атап айтқанда, форум қатысушыларына Қазақстандағы іскерлік мүмкіндіктер, шетелдік инвестицияларды тарту жағдайлары, мемлекеттік қолдау және бәсекелестік артықшылықтары туралы толық ақпарат берілді. Ол Қазақстан Үкіметі бекіткен бірқатар басым инвестициялық жобаларды ұсынды және үнді компанияларын оларды жүзеге асыруға қатысуға шақырды.

Өз кезегінде үнді кәсіпкерлер ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі, машина жасау, телекоммуникация, денсаулық сақтау және т.б. салаларындағы жобаларға ерекше қызығушылық танытты.

Үндістанның Сыртқы істер министрлігі Еуразия департаментінің директоры Маниш Прабхат 2009 жылдан бастап стратегиялық деңгейге көтерілген елдер арасындағы екі жақты ынтымақтастықтың дәйекті дамуын атап өтті.

Үндістанның Сауда және индустрия министрлігінің директоры С.Свайн мырза Қазақстанда қысқа мерзім ішінде бизнесті жүргізу үшін қолайлы инвестициялық ахуалға ие ашық және тартымды елге айналдырған жүргізіп отырған ауқымды өзгерістерді жоғары бағалады.

Форум барысында үнді әріптестерімен екіжақты келіссөздер жүргізілді. Бірқатар жобаларды бірлесіп жүзеге асыру туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Атап айтқанда, Қазақстан делегацияның GMR компаниясының Басқарма мүшесі Сидархат Капурмен және GMR вице-президенті Маномай Раймен кездесу барысында инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Компанияның Aerocity жобасын жүзеге асыру тәжірибесін, Индира Ганди атындағы Нью-Дели халықаралық әуежайында қажетті инфрақұрылымды құруды ескере отырып, тараптар Астана және Алматы халықаралық әуежайларының маңындағы көліктік-логистикалық хабты салу үшін ірі инвестициялық жобаны іске асыруға GMR-дың қатысатының мүмкіндігін қарастыруға келісті.

Қазақстанда 10 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан RV Healthcare басқармасымен келіссөздер жүргізілді. RV Healthcare өзінің қазақстандық серіктесімен бірге 5 түрлі дәрілік препараттарды шығаруға кірісті және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында фармацевтикалық өндірісті құру үшін 30 млн. долларға дейін инвестицияны ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, NTPC, Shalimar valves, CG group, Artemis hospitals, Venky’s тауық фермасы және т.б. ірі Үнді компанияларымен кездесулер барысында бірқатар келісімдерге қол жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше