Қаржы • 16 Қараша, 2018

Қазақстан қор биржасы 25 жылдығын қорытындылады

1019 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан қор биржасы Ұлттық Банкі Қазақстан қаржыгерлері ассоциациясымен бірлесе отырып, VIII Қаржыгерлер Конгрессінің аясында "Экономиканың тұрақты дамуындағы қор биржаларының атқаратын рөлі" тақырыбында қазақстандық биржалық форум өткізді. 

Қазақстан қор биржасы 25 жылдығын қорытындылады

Бірнеше сессияға бөлінген форумда 30-дан аса танымал спикер қор нарығының интеграциялық үдерістерімен, соның ішінде ЕАЭО шегінде, нарық ландшафтының және цифрлық технологияларды енгізу жағдайында қаржылық қызметтердің өзгеруіне қатысты сараптамалық пікірлерін ортаға салды. Форумға қатысушылар қор нарығы арқылы экономиканы қаржыландыру, биржалық инфрақұрылымды дамыту және биржалық құралдарды жылжыту тақырыптарын талқылады.

Маңызды шараға Дүниежүзілік биржалар федерациясының президенті (WFE) Нандини Сукумар, Маскат қор биржасының (Muscat Securities Markets) бас директоры Ахмед Бин Салех Аль Мархун, Еуразиялық биржалар федерациясының бас хатшысы Константин Сароян, (FEAS), "Московская биржа" КАҚ (MOEX) басқармасының төрағасы Александр Афанасьев, LC2 Markets EBRD (Украина) директоры Андре Куусвек, Clearstream вице-президенті Ян Виллемс, Грузия қор биржасының президенті Георгий Паресишвили, Еуразиялық экономикалық комиссиясының Қаржылық саясат департаментінің директоры Арман Хачатрян сынды шетелдік сарапшылар қатысты.

Форум аясында Қазақстан қор биржасы Баку қор биржасымен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Мәмілеге сәйкес БҚБ мен KASE жұмыс тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында бірлесіп жұмыс жасайды.

Форум Қазақстан қор биржасының 25 жылдық қызметімен қорытындыланып, қазақстандық қор биржасының ең үздік өкілдерін, биржа мүшелерін, листингілік компанияларды және БАҚ өкілдерін салтанатты түрде марапаттау рәсімімен аяқталды.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше