Аймақтар • 17 Қараша, 2018

Қызылордада жолаушылар автобусы соқтығысты

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 қараша күні кешкі 19.00 шамасында облыс орталығы Қызылорда қаласынан 130 шақырым жерде «Самара-Шымкент» тасжолында 2 жолаушылар автобусының соқтығысқаны туралы хабар келіп түсті, деп хабарлайды Қызылорда облысының баспасөз қызметі. 

Қызылордада жолаушылар автобусы соқтығысты

Жол-көлік оқиғасы туралы хабар алғаннан кейін апат орнына Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов пен аудан әкімдігінің қызметкерлері, облыстық денсаулық сақтау, жұмылдыру дайындығы басқармалары мен жергілікті полиция қызметінің, сондай-ақ төтенше жағдайлар департаменті және ішкі істер департаментінің басшылары барды.

Оқиға орнында жергілікті полиция қызметінің 34 қызметкері,13 арнайы техника мен 34 төтенше жағдайлар департаментінің маманы,  130 медицина саласының қызметкері, оның ішінде 16 дәрігер жұмылдырылды. Сондай-ақ, 12 "жедел жәрдем" бригадасы жұмыс істеді.

 84 жолаушыға көмек көрсетілді. Сонымен қатар, Жалағаш және Қармақшы аудандарында екі аурухана және облыстық медициналық орталық зардап шеккендерге көмек көрсетуде.

«Қазалы-Қызылорда»  мен «Қызылорда-Қармақшы» бағытындағы 2 автобуста барлығы 86 адам болған. Әртүрлі дәрежедегі жарақат алған 43 жолаушы  Қармақшы аудандық ауруханасына, 6 адам Жалағаш ауданының орталық ауруханасына, 5 адам облыстық медицина орталыққа жеткізілді. Қалған 30 жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық емдеу шаралары тағайындалды.  Апат орнында 2 адам қайтыс болды және  ауыр жарақат салдарынан ауруханада бір бала көз жұмды»,-деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова.

Қайтыс болған жандардың отбасыларына жергілікті билік тарапынан жан-жақты көмек көрсетілетін болады.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше