Аймақтар • 17 Қараша, 2018

Павлодарда 524 полиция қызметкері пәтерге мұқтаж

396 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық ішкі істер департаментінің мәліметінше, жалпы, 218 полиция қызметкері ипотекалық несиемен пәтер алған. 

Павлодарда  524 полиция қызметкері  пәтерге мұқтаж

Алдағы уақытта жергілікті полиция қызметінің 15 пайызы баспанамен қамтылмақ.  Өткен жылы Жол-патрульдік полициясының жас мамандарына жатақхана берілген. Бұл күндері облыстық ішкі істер департаментінің жол-патрульдік полициясы батальоны бөлімшесі орналасқан аумақта 120 пәтерлі  тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр.

Өкінішке қарай, өңірде елімізде қабылданған  «7-20-25» бағдарламасын орындау барысы баяу  жүргізілуде. Енді бұл бастаманы қолдауға полиция қызметкерлері де қатысатын болады.

Ауылдық аймақтарда учаскелік инспекторлардың  жетіспеуіне де  тұратын үйдің жоқтығы себеп.  Ішкі істер департаментінің өкілдері бұл мәселені штат санын арттыру арқылы қолға алмақшы.  

Учаскелік инспекторлар ауылға ауыл тұрғындарының санына байланысты жіберіледі. Бір инспектор 2800 адамға қызмет етуі тиіс.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше