Қазақстан • 17 Қараша, 2018

Amazon мен Google-де жұмыс істейтін қазақстандықтарды елге шақыру керек - Атамекен ҰКП

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев шетелде IT-салада жұмыс істеп жүрген қазақстандықтарды елге шақыруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Amazon мен Google-де жұмыс істейтін қазақстандықтарды елге шақыру керек - Атамекен ҰКП

«Қазіргі уақытта Қазақстанда IT-мамандардың аздығы байқалады. Бірақ бұл дефицит барлық мемлекет тапсырыстарының қазақстандық компанияларға берілмеуімен байланысты. Әлемде көптеген қазақстандықтар түрлі IT-компанияларда жұмыс істеп жүр. 300-де жуық қазақстандық Amazon-да, 100-ге жуық адам Google-да жұмыс істейтінін естігенде таң қалдық. Trip Advisor мен Booking.com компанияларына да отандастарымыз жүр. Соларды қайта шақырып, Қазақстанда жұмыс істеуіне, өз идеяларын жүзеге асыруына мүмкіндік беру қажет», - деді Олжас Ордабаев Астанада өтіп жатқан «Digital Arena - 3» форумында.

Сонымен бірге, О.Ордабаев цифрлық мемтапсырыстарды отандық отандық сенімді бағдарламалық жасақтамалардың сенімді тізбесін құруды ұсынғанын еске салды.

«Дәл осындай тізбе Ресейде бар және оған үлкен басымдық берілген. Барлық Әрине, бізде де шетелдік вендерлар жұмыс істеп жатыр, кей секторларда олардың орнын баса алмаймыз. Бірақ, өз өнімдеріміз бар салаларда тапсырыстар өзімізде қалуы тиіс», - деді Олжас Ордабаев.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше