Қысқа бағдарламадан соң 61.73 ұпаймен төртінші орында тұрған Элизабет еркін бағдарламадан соң 118.72 ұпай жинады.
Қоссайыс қорытындысы бойынша 180.45 ұпай жиған Тұрсынбаеваның жалпы есептегі көрсеткіші – алтыншы орын.
Бұл сында Олимпиада чемпионы, ресейлік Алина Загитова (222.95) жеңіске жетті. Екінші орында тағы бір ресейлік Софья Самодурова (198.01). Үздік үштікті Оңтүстік Корея өкілі Лим Ын Су қорытындылады (185.67).
Пікірлер(0)
Пікір қосу