Батыс Қазақстанда жаңа портал жұмысын бастады

Батыс Қа­зақ­стан облысында bko.invest.gov.kz инвестициялық порталы жұмыс істей бастады. Ол «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылып отыр.

Егемен Қазақстан
19.11.2018 2577
2

«Порталдың негізгі мақсаты – қазақ­стан­дық және шетелдік кәсіпкерлерді облыс­тың инвестициялық мүмкіндіктерімен та­ныстыру және осы өңірде өз бизнесін жүр­­гізуіне көмектесу» дейді ресурсты ұйым­­дастырушылар. Портал өңірдегі іс­кер­­лік ахуал, инвестициялық жобалар, кә­сіпкерлерді мемлекеттік қолдау шаралары және аудандардың инфрақұрылымдық ерекшеліктері туралы ақпарат беріп, басым секторлардың дамуына шолу жасайды. Сайттың құрылтайшысы – Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы. 

Жаңа портал үш тілде – қазақша, орысша, және ағылшынша қызмет көрсетеді. Сайтқа кірушілер порталдың «Аймақ туралы» бөлімінен өңірдің өзіндік ерекшеліктері, инвестициялық әлеуетінен бастап, облыс орталығында тоқтайтын қонақүйлер, тұр­мыстық және демалыс орындары туралы барлық ақпаратты таба алады. «Ин­дус­триялық аймақ» бөлімі өңірде қолға алынған және жоспарланған жобалар туралы мәлімет берсе, «Инвестор жол сілтеуіші» бөлімінде ықтимал инвестордың әр қадамына нұсқаулықтар берілген. Осы арқылы порталдан қазақстандық және шетелдік инвес­тор өзіне қажетті ақпаратты, облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті, даму көрсеткіштері, мемлекеттік қолдау тетіктері, іске асырылып жатқан инновациялық жобалар, даму институттары туралы мәліметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша оп-оңай таба алады.

– Бұл портал инвесторларға сервистік қызмет көрсетеді. Бұрын инвесторларға қажетті ақпарат облыс әкімдігінің, «Орал» әлеу­меттік кәсіпкерлік корпорациясының және өзге де құрылымдардың сайттарында бөлек-бөлек орналасқан болса, енді соның барлығы бір жерде тоқайласып, өзара кіріккен деуге болады. Басқа жақтан келген инвестор осы сайттан өзіне қажетті инвестициялық ахуал, инфрақұрылымдар, коммерциялық бос жер учаскелері, құрылып жатқан индус­триялық аймақ, еліміздің заңдылықтары туралы барлық ақпаратты, кәсіпорынды қалай құрып, қалай тіркеу керектігі туралы нақты кеңесті таба алады. Сондай-ақ инвесторлар порталдың виртуалды қабылдау бөлмесіне өз пікірін жазып қалдырып, оған жауап ала алады, – дейді облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Хасен Тоясов.

Порталдың интерактивті картасында 30-дан астам инвестициялық жоба, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық аймақтар туралы мәлімет берілген. Картада сондай-ақ көлік, әлеуметтік, энергетикалық және муниципалды инфрақұрылым нысандары, жер, минералды шөгінділер, балық­шаруашылығы су қоймалары және т.б.туралы мәліметтер, өнеркәсіптік кәсіпорындар туралы ақпарат бар. «Портал іскерлік және мемлекеттік қарым-қатынас үшін тиімді алаң бола алады деп үміттенеміз» дейді ресурсты ұйымдастырушылар.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.02.2019

Салық төлеушілердің 20 миллион теңге өсімпұлы кешірілді

19.02.2019

Сенаторлар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады

19.02.2019

56 ауылды елді мекен сапалы интернетпен қамтылды

19.02.2019

«Сергек» жобасы жол-көлік оқиғаларының санын 15%-ға төмендетті

19.02.2019

Астанада шахматтан Әлем чемпионаты өтеді

19.02.2019

Халық сауалы жауапсыз қалмайды

19.02.2019

Қызылордада алаяқтар азаймай тұр

19.02.2019

Астана әкімдігінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар санының өсу себептері түсіндірілді

19.02.2019

Жеке клиникалардың белсенділігі жоғары

19.02.2019

«Алтын жауынгер» анимациялық фильмі жарыққа шығады

19.02.2019

Оразалы Досбосынов атындағы аудитория ашылды

19.02.2019

Шетелмен әріптестік нығайып келеді

19.02.2019

«Смарт-Астана» қосымшасының жаңа сервистеріне қатысты мәселелер талқыланды

19.02.2019

Дәурен Сүйеукенов: дзюдодан Еуропа кубогінде ел чемпионатындағы есемді қайтардым

19.02.2019

Әлия Юсупова Гран-при кезеңі мен Будапешттегі халықаралық турнирді қорытындылады

19.02.2019

Ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев батыр баламен кездесті

19.02.2019

Жер жаһанды шарлаған Мағжан

19.02.2019

Қарағандыда 24 000 жер үйге газ құбыры тартылады

19.02.2019

Абылайхан Жүсіпов Софиядағы турнирдің күміс жүлдегері атанды

19.02.2019

Елбасы «Лукойл» мұнай компаниясының президентімен кездесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу