Президент • 19 Қараша, 2018

Жолдау бәсекеге қабілеттілікті арттырады

785 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2018 жылғы 5 қазан күні жариялаған Жол­дауында Қазақстанның қол жеткізген табыстарын көр­сете отырып, ел алдын­дағы ауқым­ды міндеттерді, жүзе­ге асырылуы тиіс шараларды нақтылап берді.

Жолдау бәсекеге қабілеттілікті арттырады

Бұл міндеттер мен шаралар бар­ша қазақстандықтың өмір сүру сапасы мен тұрмыстық жағдайын арттыруға бағытталған. Президент елді жаңғырту үдері­сінде ешқандай кедергі болмауы тиіс деп есептейді. Керісінше, әрбір қазақстандық алға қойылған міндеттердің жүзеге асуы­на өз үлесін қоса отырып, оның игіліктерін сезіне білуі керек. Нақ­тылай айтқанда, қоғамның бар­­лық мүшелері мемле­кеттік қол­дау­дың арқасында өз өмірлерін жақ­сартып қана қоймай, елді дамыту шараларына атсалысқаны абзал.

Жалпы, Жолдауда халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, қауіпсіз әрі жайлы қоғам қалыптастыру, аза­мат­тардың сұранысына бейім­дел­ген мемлекеттік аппарат құру, бас­қаруды оңтайландыру, білім беру инфра­құрылымын және басқа да сала­ларды кәсіби тұрғыда жетілдіру ар­қ­ы­лы Қазақстанды бәсекеге қабі­летті мем­лекет ретінде дамыту көзделген.

Германиядағы қазақ-неміс қо­­ғамы­ның төрағасы ретінде мен қазақ халқының өмір сүру сапасын жақсарту бағытындағы шараларды барынша қолдаймын. Осы орайда германиялық компаниялар, кәсіпорындар мен қауымдастықтар Қазақстан аумағында жемісті еңбек етіп, елдің дамуына атсалысып келе жатқанын атап өткім келеді.

Мен Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған Жолдауда көр­сетілген міндеттердің барлығы қа­зақ­­стандықтардың игілігі үшін жү­зеге асуын тілеймін! 

Карин ШТРЕНЦ,

Бундестаг депутаты, Германиядағы қазақ-неміс қоғамының төрағасы

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше