Солтүстік Қазақстанда спорт кешеніне Батыр Баянның есімі берілді

Жуырда М.Жұмабаев атындағы ауданның орталығы Булаево кентінде денешынықтыру және спорт кешені ашылып, оған Батыр Баянның есімі берілді. Елін, жерін сыртқы жаулардан азат етуде асқан батырлығымен көзге түсіп, халқының ерекше құрметіне бөленген оған бұған дейін де ескерткіш орнатылып, көше мен мектепке аты бірілген болатын.

Егемен Қазақстан
19.11.2018 2170
2

Өкініштісі сол, Мағжан­ның «Батыр Баян» поэмасында «Көп жаудың албастысы, ел еркесі, Баянның батырлығы алашқа аян. Баянның аруақты құр атынан, Көп қалмақ болмаушы ма ед қорқақ қоян» деп, жоғары көркемдік дең­гейде суреттелетін «Екі көз екі қызыл шоқ боп кеткен, Ау­зында көбік болып бұр­қы­рап қан, Оңға-солға ал­дас­панды сілтегенде, Бұ­лақ­тай қалмақ қанын бұр­қы­ратқан» жаужүрек тұлға жай­лы былайғы жұрт же­те біле бермейді. Әрбір өл­кенің халқына суықта пана, ыс­тықта сая болған, есім­дері ел есінде сақталған бір­­туар перзенттерін өске­лең ұрпақ зерделеп өс­се, тұ­ла­бойда шынайы патрио­тизм­нің отын жағар еді. «Бо­ла­шаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» бағдарламалық ма­қаласындағы мағыналы сөз­дер небір ойларға жетелейді.

Абылай ханның сенім­ді серігі әрі бас батыры бол­­ған ұлтымыздың оғлан пер­зентінің көзсіз ерліктерін сипаттайтын өлең-жырлар, дас­тандар аз емес. «Өзге батыр қайтса да бір қайтпайтын, Са­ры менен Баянды айт Уақ­та­ғы» /Тәтіқара жырау/, «...Са­­ры, Баян мен Сағынбай, Қыр­мап па еді жауыңды, Қуантпап па еді қауымды» /Үмбетей жырау/, «Бір өзі мыңға теңдес ер Баянның, Ойнауда бойын­да күш, көзінде нұр» /М.Айтбаев/, «Наркескен, өрттей өскен, қайтпас болат, Баянсыз қа­натымды қалай жаям?!» /Мағ­­­жан/ деген айшықты те­ңеу­лерге қарағанда ел қор­ғаны бола білгенін, есімі жұрт­шы­лық жадында өшпес­тей сақ­талып қалғанын аң­ғарт­са керек.

Шоқан Уәлиханов «ХVІІІ ға­сырдағы батыр­лар туралы тарихи мағлұ­мат­тар» атты зерттеу еңбе­гінде ержүректілігін, ақыл­дылығын Абылай ханның жоғары бағалағанына нақты мысалдар келтіреді. «Үш жүз­дің батырларының іші­нен кімдерді бағалайсыз? де­ген сауалға Абылай хан «байлығымен, батыр­лығымен ерекшеленген Бә­сентиін Малайсары мен ақыл­дылығымен, батырлығымен, ержүректілігімен дараланған Уақ Баянды бөле-жара атаған» деп жазады. Жергілікті өлке­танушы Қайролла Мұқа­нов­тың зерттеуі бойынша Баян Қасаболатұлы 1714 жылы қа­­зіргі Мағжан Жұмабаев ауда­­нындағы Аралағаш ауы­­­лында туған. Уақтың ішін­де Шоғадан тарайды. Әке­сі өте шебер зергер бол­ған. Анасы Ажар атақ­ты Сы­рым шешеннің әке­сі Даттың қарындасы, бел­гілі Шолан батырдың қызы. 14 жасында ағасы Сары ба­тыр­ға еріп, жаугершілік жо­рықтарға қатыса бастай­ды. 17 жасында соғыс тәсілдерін мең­ге­ріп, белгілі сардарға (жүз­басы) айналады. Жоңғар шап­қыншылығы кезінде ер­лік істерімен көзге түседі. Әй­гілі Қабанбай, Малайсары, Олжабай, Жанатай баһа­дүр­лермен бірге Ертіс, Тар­ба­­ғатай өлкелерін жау­дан тазартуға қатысады. Тар­баға­тай тауының етегінде болған 80 күндік Шорғы шайқасында және Аягөз маңындағы Ақ­шаулы ұрыстарында ерекше өжеттігімен даңқы шығады. 

Ата-баба аруағын ардақ­тау – елдіктің бел­гісі. Тәуелсіздік алғалы да­­нышпан хандарымыз, ай­бынды батырларымыз ұлықталып, көптеген игі ша­­ралар ұйымдастырылып келеді. Батыр Баян туралы алтыншы ұрпағы Зейнолла қажы Олжабаев былай деп сыр шертеді: «Кеңестік идео­логия қыспағынан әбден үркіп қалғанымыз соншалық, бабамыздың атын атамақ түгіл, еске алуға қаймығатынбыз. Егемендігіміздің, Елбасымыз­дың сындарлы саясатының арқасында өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанғандай қайта қауыштық. Осыдан үш жыл бұрын Тимирязев ауданы Докучаев ауылы маңында жер­ленген Уақтың Сары жә­не Сүйір батырларының қорымына еңселі кесене тұр­ғызылып, бабаларының басына тәу етуге белгілі қоғам қайраткері Мақсұт Нәрікбаев арнайы келген болатын. Сол жолы Баян батырдың зираты табылмай жанымды бір өкініш жегідей жеп жүргенін құлаққағыс қылған едім. Ұзын сөздің қысқасы, Мәкеңнің қол­дауымен «Орталық Қа­зақ­стан» газетінің бас редак­торы Мағауия Сембай, ғы­лым докторы Есмұхамбет Смайы­лов, тағы басқа мың болғыр азаматтар індете із­дес­тіріп, Қарағанды облысы, Шет ауданы Қарабұлақ елді мекені маңайында жер­ленгенін анықтап берді. Басына барып, зиярат еттік. Кө­некөз қариялармен әңгіме­лескенімізде, ұзындығы 80-90 метр, ені 4-5 метр қорымда бабамыз сарбаздарымен бірге мәңгілік тыныстап жатқаны белгілі болды. Киелі орын ел жадында «Сары-Баян жотасы» ретінде сақталыпты. Зиратына екі найзаны шаншып, қабі­рінің үстіне тас үйгізіп, белгі қалдырыпты. Үлкендер: «Жо­таның үстінде ойнамаңдар. Аруақтарды маза­ламаңдар. Мал жай­маң­дар», деп тыйым салып отырған.

Осы өңірдің тумасы, айтыскер ақын Самат Мұса­бе­ковтің «Есей достың ер­лігі» дастанында жауды ой­сырата жеңіп, елге келе жат­қан кезде дұшпандар у сеуіп кеткен құдықтан су ішіп, мерт болғаны баяндалады. Саматтың баласы Баян әкесінің «апырмау, батырды жоқтаушы ұрпақтары жоқ па?» деген қамыққан жү­зін талай көріпті. «Баян ба­тыр» қоғамдық қорының жетекшісі Қайрат Тайкенов кесене тұрғызып, сауапты іс атқарды. 300 жылдығы кеңінен атап өтіліп, Павлодар қаласында еңселі ескерткіші бой көтерді. Енді, міне, игі­лікті істі М.Жұмабаев ауда­нының әкімі Асқар Бегма­новтың тарапынан қолдау тауып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде есімі тағы бір мәрте жаң­ғыртылды».

Баян – тұтас қазақтың батыры. Ұлан-ғайыр аумақты қорғаған. Қас дұшпаннан ығы­суды, шегінуді білмейтін жүрек жұтқан қасиетін Абы­лай хан ерекше бағалап, бас батырлар қатарына қос­қан. Әркез қасына ертіп жүр­ген. Онсыз жорыққа аттан­баған. Олай болса, есіл ердің есімін ұлықтау туған же­рінде ғана шектелмей өзге өңір­лерде де патриоттық се­зімді көтеретін шаралар ұйым­дас­тырылса, нұр үстіне нұр болар еді. 

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы, 

М.Жұмабаев атындағы ауданы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.03.2019

Солтүстік Кореяның келесі қадамы қандай болмақ?

24.03.2019

Қ.Тоқаев Қазақстан - Ресей кездесуін тамашалады

24.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен хаттар

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен құттықтаулар

24.03.2019

Футбол: Қазақстан құрамасы Ресейден ойсырай ұтылды

24.03.2019

Куршад Зорлу: Түркі әлемінің Ақсақалы

24.03.2019

Нұр-Сұлтан қаласы. Астананың атауы өзгерді (видео)

24.03.2019

Алматыда дәстүрлі әндер кеші өтті

24.03.2019

Қаламқас кен орнында болған апат себептері анықталып жатыр

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Алик Шпекбаевты қабылдады

24.03.2019

Астана мен Алматы ТМД-да ең танымал қалалардың қатарына қосылды

24.03.2019

Елорда атауының өзгеруіне байланысты құжаттарды ауыстыру қажет емес

24.03.2019

Жетісудағы жетістіктер Үкімет басшысының назарына ұсынылды

24.03.2019

Қазақстан және Ресей матчы 20:00-де басталады

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

24.03.2019

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

24.03.2019

Қ.Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қабылдады

24.03.2019

Самбошы Бағлан Ибрагим – Әлем кубогының иегері

24.03.2019

Мұрат Нұртілеуов Президент көмекшісі болып тағайындалды

24.03.2019

М.Тәжин Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу