19 Қараша, 2018

Маңғыстауда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті

910 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Слет ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің әлеуметтік мемлекеттік тапсырысы аясында «Азаматтық құқық» жеке меншік мекемесінің ұйымдастыруымен өткізілді. 

Маңғыстауда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті

Алғашқы болып сөз алған агенттіктің аумақтық департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Нұргүл Жанназарова өңіріміздегі 146 мектепте ашылған 60-мыңға жуық мүшесі бар ерікті мектеп клубтарының мақсаты білім ордаларында аса өнегелі, жауапты бастамашыл және әлеуметтік құзырлы азаматтармен патриотизмді қалыптастыру үшін жағдай жасау аясында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқандығын айтты.

 - «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының көздейтіні – жас ұрпақты азаматтыққа, отансүйгіштікке, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне құрметпен, еңбексүйгіштікке, оқуға, еңбекке, өмірге жасампаздықпен қарауға және олардың бойында сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу болып табылады» деді ол.

Мұнан соң облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында өткен «Есеп беруші мемлекет» тақырыбындағы бейнероликтер және 5-8 сынып оқушылары арасында өткен «Парасыз болашақ» суреттер байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Байқау жеңімпаздары марапатталған соң, шараға қатысушылар Маңғыстау облыстық өлкетану мұражайымен танысып, «Парасыз болашақ» суреттер байқауына келіп түскен балалардың қиялынан туындаған шығармалардың көрмесін тамашалады.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше