19 Қараша, 2018

QazaqGeography съезі ұйымның жаңа кеңсесінде өтті

243 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Астанада ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – QazaqGeography төрағасы Асқар Маминнің төрағалығымен «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігінің съезі өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.

QazaqGeography съезі ұйымның жаңа кеңсесінде өтті

Шара QazaqGeography жаңа кеңсесін таныстыру рәсімінен басталды. 1968 жылы салынған ескі ғимарат аз уақыт ішінде қайта жөнделіп, қазір заманауи кеңсеге айналдырылған, онда мұражай, электронды кітапхана мен медиа орталық жұмыс істейді.

Съезд жұмысына QazaqGeography Қамқорлық және Басқарушылық кеңесінің мүшелері, Қазақстанның барлық өңірлеріндегі өкілдері қатысты.

QazaqGeography төрағасы А. Мамин бүгінгі таңда Қазақстанда тарихи және мәдени мұралардың сақталуына бей-жай қарамайтын ғалымдардың, мәдениет қайраткерлерінің, түрлі салалардың кәсіби мамандары мен ел жастарының басын біріктіріп отырған ұйымның маңыздылығын атап өтті. QazaqGeography қазақстандықтар үшін де, әлемдік қауым үшін де туристік нысандарды қолдауда басты рөл атқара алады және атқаруы тиіс.  

Оның айтуынша, QazaqGeography Қазақстанның ғылымын, мәдениеті мен тарихын насихаттау орталығына айналуы тиіс, бұл Мемлекет басшысы Н. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты өзінің бағдарламалық мақаласында ерекше атап өткен еліміздің мәдени кодының сақталуына үлесін қосады.

Есепті кезеңдегі қызмет қорытындылары туралы QazaqGeography басқарма төрағасы Жана Рүстем баяндады. Оның айтуынша, өткен бес жылда бірлестік 60 жобаны іске асырған, 10 экспедиция жасаған, 13 кітап шығарған. 2015 жылдан бастап жыл сайын бүгінде халықаралық шараға айналған «Хан Қорық» жастар фестивалі өткізіліп келеді. Оған Қазақстанның жастары ғана емес, жақын және алыс шетелдерден келген студенттер де қатысады.

Ж. Рүстемнің айтуынша, 2018 жылдан бастап «Kazakh Tourism» ҰК АҚ ынтымақтастық аясында QazaqGeography «Ұлы Дала Eліне саяхат» жобасына қатысты. Бірлестік Ұлытауға, Шоқан Уәлихановтың ізімен Қашғарияға, Торғай геоглифтері мен Арал теңізіне экспедициялар жасады. Жыл сайын еліміздің киелі жерлеріне «Киелі Қазақстан» экспедициялары өткізіледі. Эскпедициялардың барлық бағыттары бойынша GPS-координаталар белгіленеді.

Сарыарқа және Жаңа Жібек жолы бағыттар бойынша жасалған экспедициялар нәтижесінде жаңа туристік бағыттар түзіліп, иллюстрацияланған жолнұсқалар әзірленді, табиғи және тарихи-мәдени нысандар туралы сапалы фото- және бейнебанк жасалды, олардың жай-күйі туралы ақпараттар жаңартылды.

Съез жұмысын аяқтай отырып, QazaqGeography төрағасы А. Мамин төрт санат: «Табиғат», «Адамдар», «Қалалар» және «Астана» тақырыптары бойынша «Менің Қазақстаным» фотобайқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Сонымен қатар QazaqGeography бес жылдығының құрметіне ұйымның қалыптасуы мен дамуына қосқан үлестері үшін бірлестіктің белсенді мүшелеріне сый-құрмет көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше