Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблея басшылығымен кездесті

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының (ЕҚЫҰ ПА) төрағасы Георгий Церетели мен ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Роман Хайдермен кездесті.

Егемен Қазақстан
20.11.2018 3862
2

Беделді парламенттік бірлестік басшылығы Орталық Азия аймағына жасаған турне аясында Астанаға екі күндік ресми сапармен келді.

Сыртқы істер министрлігінде өткен кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен перспективаларын, халықаралық күн тәртіпі және парламентаралық диалогты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

Қ.Әбдірахмановтың айтуынша, парламенттік дипломатия мемлекетаралық қатынастардың тиімді және сенімді құралы болып табылады және жалпыға ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін халықаралық аренадағы барлық қатысушылармен толық көлемде пайдаланылуы тиіс. Қазақстандық дипломат ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы басшылығының қызметін жоғары бағалап, оның қауіпсіздіктің барлық үш өлшемінде Ұйымның өзекті мәселелерін шешуге маңызды үлес қосатынын айтты. Сонымен қатар, еліміздің Ассамблеямен және ЕҚЫҰ құрылымдарымен осы бағытта тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендігі атап өтілді.

Г.Церетели Қазақстан мен ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының өзара әрекеттестігінің жоғары қарқынын атап өтті. ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы төрағасының айтуынша, Қазақстан Ұйымның негізгі құндылықтарын қолдайтын, жауапты және сенімді әріптес болып табылады. Кездесу барысында Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген әлеуметтік-экономикалық және сыртқы саяси жетістіктері талқыланды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүзеге асырылған еліміздің технологиялық трансформация үрдісі атап өтілді, оның нәтижесінде Қазақстан әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылуда.

Халықаралық күн тәртібінің мәселелерін талқылау аясында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы саясаты және оның халықаралық бітімгершілік күштері жоғары бағаланды. Шетелдік саясаткерлер мен сарапшылар Мемлекет басшысының 2018 жылғы 13 қарашада «Astana Club» қатысушыларының кездесуінде жарияланған жаһандық қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі бастамаларына қолдау білдірді. ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы басшылығының айтуынша, аталған бастамалар қауіпсіздіктің әлсіреуі мен сенімсіздік жағдайында аса маңызды және орынды болып табылады.

Сондай-ақ, тараптар халықаралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және заманауи қауіп-қатерлерге, оның ішінде халықаралық лаңкестік, діни экстремизм, заңсыз көші-қон, есірткінің заңсыз айналымы, трансұлттық ұйымдасқан қылмыс және басқа да қатерлерге қарсы күресте халық қалаулыларын тарту қажеттігі туралы келісті.

Кездесу соңында тараптар өзара мүдделі мәселелер бойынша сындарлы диалогты жалғастыру сондай-ақ тығыз жұмыс байланыстарын, Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезінде бастау алған дәстүрлерді сақтау және ұйымның 21-ғасырдағы жалғыз саммитін алдағы уақытта жалғастыру туралы уағдаласты.

ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы делегациясының Қазақстанға сапары аясында Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулинмен кездесулер өткізілді. Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асановпен, Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің басшылығымен кездесулер жоспарланған.

Парламенттік делегация Қазақстандағы сапары аяқталғаннан кейін  Өзбекстанға барады.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.12.2018

«SMART рухани Ақмола» мобильді қосымшасы іске қосылды

19.12.2018

«Астана» Еуродода турнирін аяқтады

19.12.2018

Менің атым – Қазақстан!

19.12.2018

Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде кәсіпқой бокс кеші өтті

19.12.2018

Таң бозында туған жұлдыз

19.12.2018

Ынтымақтастық деңгейі жоғары

19.12.2018

TWESCO салтанатты қабылдау өткізді

19.12.2018

Сайлау: жаңа формат

19.12.2018

Ономастикадағы оң өзгерістер жалғасады

19.12.2018

Нұротандықтар мемлекеттік және партиялық наградалармен марапатталды

19.12.2018

Еңбектері еленді

19.12.2018

Қазақстан жетістіктері – Тәуелсіздіктің арқасы

19.12.2018

Ұлттық мәселелер талқыланатын жаңа алаң

19.12.2018

Ел дамуына қосқан үлестері үшін марапат

19.12.2018

Мемлекеттік наградаларды табыс етті

19.12.2018

Мерекеге орай құттықтаулар

19.12.2018

Мемлекеттік наградалармен марапатталды

19.12.2018

Мәртебеміз – биік, тұғырымыз − берік

18.12.2018

Алматыда «Сиқырлы әуендер» киноконцерті өтті

18.12.2018

Ақтөбе облысында алпыс отбасы қоныс тойын тойлады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Baılyq jasaýshy sala

Árbir adam óz úıiniń ishinde qandaı zattar bar ekendigin jáne onyń qaı jerde turǵandyǵyn, qaı shkaftyń ishinde qandaı zattyń jatqandyǵyn, jertólesinde qandaı azyq túrleriniń saqtalyp turǵandyǵyn jaqsy biledi. Sondyqtan eshnársesin shashaý qaldyrmaıdy. Qajetine qaraı paıdalanyp otyrady. Al ózimizdiń ortaq úıimiz – Qazaqstanda qandaı zattar bar ekendigin, ásirese, jerimizdiń astynda qandaı mıneraldyq shıkizat kózderiniń shoǵyrlanǵanyn jáne olardyń qory qandaı ekendigin bilemiz be?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу