Алматыда «Құлагер» ұлттық жүлдесі табысталды

Алматыда 14-ші Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі шеңберінде Қазақстан кинематографистер одағының ұлттық «Құлагер» жүлдесінің салтанатты табыстау рәсімі өтті. Жүлденің басым бөлігі Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы жарыққа шығарған  фильмдерге табысталды. 

Егемен Қазақстан
20.11.2018 2850
2

«Ең үздік фильм» жүлдесі Сәбит Құрманбековтың «Оралман» фильміне, ал «Үздік актер» жүлдесі осы фильмде басты рөлді сомдаған Дулыға Ақмолдаға бұйырды.

Қазақстан кинематографистер одағының шешімімен Ардақ Әмірқұлов үздік режиссер  болып танылды («Үнсіздікте» фильмі үшін). «Үздік актриса» жүлдесі «Айка» фильмінде басты рөлді сомдаған Самал Еслямоваға табысталды. «Үздік сценарий» номинациясында «Әкеге қоңырау шалу» фильмінің сценарий авторы Серік Апрымов үздік деп танылса, үздік продюсер болып «Алмас қылыш» фильмінің продюсері Арман Асеновтың есімі аталды.

«Құлагер» жүлдесін деректі кино өкілдері де алды. Мәселен, «Алтын Емел» фильмінің режиссері Олег Белялов «үздік режиссер-документалист» жүлдесіне ие болды. Ал Анвара Садықова мен Ғазиз Насыров түсірген «Қазақ биі» деректі фильмі «Үздік деректі фильм» жүлдесіне қол жеткізді.

Ұлттық киножүлдені табыстау рәсімінде қазақ мультипликаторы да ерекше аталды. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы жарыққа шығарған толықметражды «Мұзбалақ» фильмі «Үздік анимациялық фильм» жүлдесін алды. Одан бөлек, «Құлагер» жүлдесі  Рамиль Усмановқа (Үздік режиссер-аниматор) және қазақ анимациясының дамуына үлес қосқаны үшін Жәкен Дәненовқа табысталды.

Отандық жас киногерлер де құр қол қайтпады. «Үздік қысқаметражды фильм» жүлдесі «Асан» фильмі үшін Берік Жахановқа, ал «Үздік дебют» жүлдесі «На грани» фильмінің режиссері Алдияр Байракимовқа табысталды.

Эксперттік комиссиясы қазақ киносының басқа да өкілдерін жүлдемен марапаттады. «Алмас қылыш» картинасы үшін Ажар Әубәкірова үздік костюм жөніндегі суретші деп танылды. Одан бөлек, «Құлагер» статуэткасын: оператор Азамат Дулатов («Лифт»), дыбысрежиссері Сергей Лобанов («Үнсіздікте»), композитор  Қуат Шілдебаев («Түркісіб»), қоюшы-суретші Өмірзақ Шманов («Үнсіздікте»), суретші-гример Лидия Ордынская («Анаға апарар жол»), сондай-ақ, каскадер  Қасым Жұмағұжин. Кинодағы үздік эффекті - «Cubic» студиясы.

Қазақ киносына қосқан үлесі үшін Қадыр Қосай мен Игорь Вовнянкоға Құлагер премиясы табысталып,  кинотанушы Нәзира Мұқышеваға да статуэтка берілді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.12.2018

«Астана» Еуродода турнирін аяқтады

19.12.2018

Менің атым – Қазақстан!

19.12.2018

Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде кәсіпқой бокс кеші өтті

19.12.2018

Таң бозында туған жұлдыз

19.12.2018

Ынтымақтастық деңгейі жоғары

19.12.2018

TWESCO салтанатты қабылдау өткізді

19.12.2018

Сайлау: жаңа формат

19.12.2018

Ономастикадағы оң өзгерістер жалғасады

19.12.2018

Нұротандықтар мемлекеттік және партиялық наградалармен марапатталды

19.12.2018

Еңбектері еленді

19.12.2018

Қазақстан жетістіктері – Тәуелсіздіктің арқасы

19.12.2018

Ұлттық мәселелер талқыланатын жаңа алаң

19.12.2018

Ел дамуына қосқан үлестері үшін марапат

19.12.2018

Мемлекеттік наградаларды табыс етті

19.12.2018

Мерекеге орай құттықтаулар

19.12.2018

Мемлекеттік наградалармен марапатталды

19.12.2018

Мәртебеміз – биік, тұғырымыз − берік

18.12.2018

Алматыда «Сиқырлы әуендер» киноконцерті өтті

18.12.2018

Ақтөбе облысында алпыс отбасы қоныс тойын тойлады

18.12.2018

Қарағандының 2018 жылғы аруы белгілі болды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Baılyq jasaýshy sala

Árbir adam óz úıiniń ishinde qandaı zattar bar ekendigin jáne onyń qaı jerde turǵandyǵyn, qaı shkaftyń ishinde qandaı zattyń jatqandyǵyn, jertólesinde qandaı azyq túrleriniń saqtalyp turǵandyǵyn jaqsy biledi. Sondyqtan eshnársesin shashaý qaldyrmaıdy. Qajetine qaraı paıdalanyp otyrady. Al ózimizdiń ortaq úıimiz – Qazaqstanda qandaı zattar bar ekendigin, ásirese, jerimizdiń astynda qandaı mıneraldyq shıkizat kózderiniń shoǵyrlanǵanyn jáne olardyń qory qandaı ekendigin bilemiz be?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу