Қазақстан • 21 Қараша, 2018

Жастарды қолдауға арналған бастама

485 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі Тұңғыш Президент күніне арналған жиын өткізді. Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Л.Прокопенко, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, республикалық және өңірлік этно­мәдени бірлестіктердің өкілдері және Қазақстан халқы Ассам­б­лея­сы ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері қатысты.

Жастарды қолдауға арналған бастама

Кеңес отырысы барысында Елбасы Жолдауы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының   ХХVІ сессиясында берілген тапсырмаларды іске асыру барысы талқыланды. 

Л.Прокопенко өз сөзінде Қазақ­­­с­тан халқы Ассамблеясы­ның мүшелері алдағы Жас­тар жылына арналған жаңа жо­балар әзірлеп жатқанын әңгімеледі.

«2019 жылы «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қоз­ға­лысының жол картасы жү­зеге асырылады. Бұл жоба ая­сын­да барлық санаттағы жас­тары­мызды қолдауға арнал­ған 19 өзіндік жоба жасалады. Сон­­дай-ақ Қазақстан халқы Ассамб­леясы еліміздің әр өңірі бойынша бұқаралық мектеп туризмін қолға алады. «Өз жеріңді танып-біл!» жобасы аясында республикалық-туристік «Ел тану» экспедициясы өз жұ­мы­сын бастайды», деді ол.

Сондай-ақ оның айтуынша, жастар арасындағы әскери-патриоттық тәрбиені күшейту мақсатында Достық үйлерінің жанынан әскери-патриоттық клубтар ашылады.

«Елбасының бастамаларын ақпараттық тұрғыда жүйелі түрде қолдау үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру елшілері» жобасын жүзеге асырады. Оның пулына әртүрлі салалардың үздік өкілдері енеді», деді Леонид Прокопенко.

Сондай-ақ ол Қазақстан хал­қы­ Ассамблеясы мүшелері биылғы жылы Елбасының 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын түсіндіру жұмыстары бойынша 1940 іс-шара өткізіп,  12 арнайы жоба әзірлегенін айтып өтті. 

Бұдан әрі Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму тұжы­ры­м­дама­сының жобасы қаралды. Қаты­сушылар Ассамблеяның этно­мәдени бірлестіктерін қоғамдық аккредитациялау және аккре­диттеу жөніндегі ережені, сон­дай-ақ республикалық комиссия­ның құрамын аккредиттеуден өт­кізу кестесін бекітті. Іс-шара соңында Қазақстан хал­­қы Ассам­блеясы Төрағасының «Бір­лік» алтын медалі, «Жомарт жан» төсбелгісі, ҚХА төраға­сының «Құрмет» грамотасы мен Алғыс хатына кандидатуралар ұсынылды.

Маржан ТІЛЕУБЕК,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше