Қазақстан • 21 Қараша, 2018

Президент: Қазақстан – күллі түркі халықтарының қасиетті «Қара шаңырағы»

1056 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа облыс орталығы ретінде Түркістанды дамыту барысында оның халықаралық аренадағы беделін жүйелі түрде арттыру қажет. Википедияның үлгісінде Қазақстанның модераторлығымен Түркі халықтарына ортақ туындылардың бірыңғай онлайн кітапханасын ашу да маңызды Бұл туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында жазды.

Президент: Қазақстан – күллі түркі халықтарының қасиетті «Қара шаңырағы»

Елбасы мақаласының «Түркі әлемінің генезисі» атты бөлімінде «Қазақстан – күллі түркі халықтарының қасиетті «Қара шаңырағы» делінген.

Президенттің жазуынша, бүгінгі қазақтың сайын даласынан әлемнің әр түкпіріне тараған түркі тектес тайпалар мен халықтар басқа елдер мен өңірлердің тарихи үдерістеріне елеулі үлес қосты.

«Осыған байланысты, «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобаны қолға алу қажет. Бұл жоба аясында 2019 жылы Астанада Түркологтардың дүниежүзілік конгресін және әртүрлі елдер музейлерінің экспозицияларына ежелгі түркі жәдігерлері қойылатын Түркі халықтарының мәдени күндерін ұйымдастыру керек. Сондай-ақ, Википедияның үлгісінде Қазақстанның модераторлығымен Түркі халықтарына ортақ туындылардың бірыңғай онлайн кітапханасын ашу да маңызды», деп атап өтеді Елбасы.

Қазақстанның ежелгі астанасы Түркістан халқымыздың рухани орталығы ғана емес, бүкіл түркі әлемі үшін киелі орын болып саналатынын айтқан Елбасы Түркістанды дамыту жайына тоқталды.

«Сонымен қатар жаңа облыс орталығы ретінде Түркістанды дамыту барысында оның халықаралық аренадағы беделін жүйелі түрде арттыру қажет», дейді Президент.

Соңғы жаңалықтар