Қазақстан • 21 Қараша, 2018

Ауылдарға көгілдір отын келіп жатыр

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шиелі ауданындағы Ы.Жақаев және Бидайкөл ауылдарына көгілдір отын жетті.

Ауылдарға көгілдір отын келіп жатыр

Елдің осы қуанышын бөлісуге келген облыс әкімі Қырымбек Көшербаев:

«Мемлекет басшысының қолдауымен басталған ірі стратегиялық маңызы бар – «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбыры Сыр еліне сәтті мүмкіндік берді. Олай дейтінім, облыс аумағынан өтетін 846 шақырымдық газ құбыры Қызылорда облысын газдандыруға жол ашты. Бұл Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған аудан орталықтарын және өткен жылы Байқоңыр қаласын газдандыруға мүмкіндік берді. Міне, енді кент орталығынан бөлек ауылдық елдімекендерді де газдандыру жұмыстары жүргізілуде, деді.

Үйіне газ кірген Ыбырай Жақаев ауылының тұрғыны Ләззат Парманқұлова:

- Бұрын пеш жағып, тамақ істеу үшін үлкен әбігерге түсетін едік. Отын сатып алудың да өз машақаты жететін. Газ көмірге қарағанда арзан, осы жағынан да тұрмысымызға қолайлы болып тұр, -дейді.

Бүгінде облыс халқының 63 пайызы көгілдір отынның қызығын көріп отыр.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы