Аймақтар • 21 Қараша, 2018

Қарағандыда алты көшенің атауы өзгереді

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданында орналасқан алты көшенінің атауы өзгереді. Бұл туралы арнайы ұйымдастырылған тыңдау кезінде белгілі болды.

Қарағандыда алты көшенің атауы өзгереді

Өзгеріс туралы ұсынысты жақтап 200-ден астам қала тұрғыны дауыс берді.

Жаңа атаулар Насыпная, Отвальная, Паровозная, Портовская, Пикетная және Пахотная көшелеріне қатысты. Бұдан былай олар Жағалау, Талды, Береке, Саяхат, Самал және Тұмар деп аталатын болады.

Мекенжайлық тақтайшалардың барлығы қалалық бюджет есебінен ауыстырылмақшы.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды