Футбол • 21 Қараша, 2018

Ұлттар Лигасының қорытындысы шығарылды

526 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгіннен бастап футболдан УЕФА Ұлттар Лигасының қорытындысы шығарылуда. Бұған дейін біз айтулы жарыста қай команданың қандай орынға жайғасып, 2020 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу сынында олардың қай себетке түскен жайында баяндағанбыз. 

Ұлттар Лигасының қорытындысы шығарылды

Осы жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы қарсыластар қақпасына ең көп соққы бағыттаған командалар арасында үздік бестіктің қатарынан көрінді. Жерлестеріміз нысананы 107 мәрте көздеген екен. Әрине, бұл – жақсы көрсеткіш. Бірақ тепкен доптарымыздың дені қисық кеткенін мойындауға тиіспіз. Соның салдарынан біз алға қойған мақсатқа қол жеткізе алмай, өз тобымызда екінші орында қалып қойдық.  

Бұл көшті – Армения құрамасы бастап тұр. Қап тауының өкілдері қарсы жақтың қақпасына 133 соққы бағыттаған екен. Одан кейінгі орындарда Беларусь (113 соққы) және Молдова мен Люксембург (1008 соққы) командалары.

Жекелеген ойыншылар арасында Ричард Алмейда осы жарыс барысында ең көп пас беріпті. Бұл күндері Әзірбайжан құрамасы сапында өнер көрсетіп жүрген «Астана» клубының жартылай қорғаушысы өз әріптестеріне берген пасының 454-і дәл жеткен екен. Одан кейінгі сатыларға молдовалық Александр Епуряну (444 пас), грузиялық Ника Квеквескири (437 пас), испаниялық Серхио Рамос (433 пас) және әзірбайжанджық Гара Гараев (427 пас) жайғасты. Осы орайда, Грузияның ойыншысы Квеквескиридің қазіргі кезде Қостанайдың «Тобыл» клубының намысын қорғап жүргенін айта кетуге тиіспіз.  

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше