Қазақстан • 21 Қараша, 2018

Павлодарда археологтар б.з.д. 5-ші мыңжылдықта жерленген жылқылар сүйектерін тапқан

385 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл жайында С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университетінде өткен Елбасының «Егеменде» жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылау барысында  айтылды.

Павлодарда археологтар б.з.д. 5-ші мыңжылдықта жерленген жылқылар сүйектерін тапқан

Суретті түсірген: Руфина Торпищева

- Бөрлі өзенінде ежелгі тұрақтарды зерттеп, бұрынғы жылқылардың сүйектерін таптық. Сүйектердің жылқыға тиесілі екенін палеозоологтар дәлелдемек. Қазіргі уақытта біз генетикалық зертетулердің нәтижелерін күтудеміз. Кейін жануарлардың үй жылқысы екені айғақталуы мүмкін. Олар шамамен біздің заманымызға дейінгі 5-ші мыңжылдықта жерленген, яғни, жылқы неолит кезеңінде қолға үйретілген,-деді университеттегі Ә. Марғұлан атындағы Археологиялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры  Виктор Мерц.

Ғылыми жаңалықтар мен археологиялық қазба жұмыстары туралы орталықта жиналған мәліметтер де аз емес.

Университет ректоры Гаухар Ахметова  «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы көп жылдар бойы отандық және шетелдік зерттеушілердің атсалысуымен қалыптасқан тарихи айғақтар негізінде тереңнен зерттеуге негіз болу керектігін айтты.

-Уақыт пен кеңестік сияқты негізгі дүниетанымдық категориялар бар. Олар көшпелілер мәдениетінде маңызды орынға ие. Бұл көшпелі халықтың экономикасы, материалдық мәдениеті, өнері мен әскери ісінің қарқынды дамуына әсер етті. Бұның барлығы мақалада көрініс тапты. Мақала қазақ-түрік халықтарын зерттеушілер мен көшпенділер өкениетіне бет бұрған ғалымдарға серпіліс берері сөзсіз, - деді Г. Ахметова.

Талқылау барысында архивтердің жұмысы қарастырылды. Енді кез-келген адам архивтік деректермен таныса алады.

Сонымен қатар, саладағы кадрлар тапшылығын болдырмау мақсатында университетте архив қызметкерлерін даярлау ісі жолға қойылмақ.

Мақаланы талқылауға өңірдегі жоғары оқу орындарының басшылары, ғалымдары, тарихшылар, сарапшар мен саясаттанушылар қатысты.

Еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстан»  республикалық газетінде жарияланған «Рухани жаңғыру» мақаласының  жалғасы «Ұлы даланың жеті қыры» атты жаңа мақаласында Президент Ұлы көшпелі мәдениет пен оның қазақ халқының әлемдік өркениеттегі өзіндік орнына баса назар аударады.

- Ол мәдени жетістіктер, Ұлы даланың көне металлургиясы, Ұлы даланың Ұлы есімдері, түркі әлемінің генезисі еліміздің бүгінгі күні ел болып  қалыптасуына жол ашты,-дейді ғалымдар.

Шараға қатысқан қауым «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа компоненттері еліміздің бай мұрасын еске алумен қатар, бұл мұраны қазіргі заманда сұранысқа ие және өзекті етуге оң септігін тигізетінін алға тартты.

 Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

 ПАВЛОДАР

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше