Қазақстан • 21 Қараша, 2018

Әбдіманап Бектұрғанов: Тарихқа тағзым

573 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елбасының Егемен Қазақстан газетінен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласымен танысып,  халқымыздың тамыры терең тарихына бойлап,  толғанып отырмыз. Өткеннен өнеге алып, болашаққа бағдар жасау саналы ұрпақтың өнегесі. Ата-бабаларымыз  ұлан-байтақ жері ұрпағына  қалай аманат етсе, біз де келер ұрпағымызға ата дәстүрімізді, салт-мәдениетімізді, тарихымызды сол қалпында жеткізуіміз шарт. Осы мақсатта Елбасы туған халқының бар болмысын тереңнен суыртпақтап алдымызға жайып салды.

Әбдіманап Бектұрғанов: Тарихқа тағзым

Төл тарихын бағалай білетін халықтың болашағы үлкен. Оны насихаттау, маңыздылығын халыққа жеткізе білу  болашаққа деген көзқарасты таныта білудің басты жолы. Президентіміз: «Бұл – тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туады. Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілікті», дейді Елбасы өз мақаласында.

Бұғанға дейін де өткенімізді түгендеп, тарихымызды таразылап, ақтаңдақ беттерін ашуға ұмтылып, ізденгенбіз. Оған «Мәдени мұра» бағдарламасы мұрындық болған еді.  Бүгінгі мақала игі ісімізді одан әрі жалғауға, оны жандандыруға құлшындырып отыр.  Бүгінгі таңда Қазақстан тарихы ақтаңдақтарын ашатын кез жетті. Архив деректерін толығымен қарастырып, ХХ ғасырдың отрасындағы оқиғаларды толығымен ашуға Елбасы жол сілтеп отыр.

Қазақстандық тарих ғылымының дамуы, тарихи зерттеулердің сапасы мен тиімділігінің артуы, олардың ашық жариялықпен қоғамдық дамудың әлеуметтік-саяси және мәдени-тәрбиелік мазмұнына ықпалы белгілі бір дәрежеде тарихнамалық зерттеулермен анықталатындығы белгілі. Сондықтан да қазіргі таңдағы отандық тарих ғылымының дамуы мен өсуін бағамдау мақсатында қазақстандық тарихнама мен олардың әдістемелік зерттеулерінің қалыптасуының өзіндік тарихы бар.

Қазақстан тарихындағы мәселесі көп кезеңнің бірі, ол ХХ ғасырдың ортасы нақтырақ айтар болсақ, 1930, 1940, 1950 жылдар болып отыр. Осы кезден тарих оқулықтарына енбей қалған немесе бұрмалынып жалған ақпаратпен енген қаншама деректер бар.  Бұл ретте Елбасы мақалада: «Сансыз көп адамның тағдары сұраусыз кеткен оқиғаларға толы бұл кезеңнің шындығын бүгінгі таңдағы Отандық тарихшылармызға қарастырып, жарыққа шығаруға мүмкіндік берілуде.

Сондықтан ежелгі дəуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық жəне шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі  зерт теулер жүргізу үшін «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасауымыз қажет» -деп үлкен мүмкіндік тудырып отыр. Осы бағдарламадан кейін Ташкент архивтері мен Орынбор, Омбы, Санкт-Петербург, Мәскеу архивтеріндегі сақтаулы жатқан құжаттарға деректанулық тұрғыда талдау жасауға, жинақтап өңдеп қалың бұқара халыққа оқылымға ұсынуға мүмкіндіктер ашылатын болса «Рухани жаңғырудың» - ең үлкен серпілісі осы болар еді.   

Дәуір талабына орай туындаған өркениет талаптарына жауап беру тұрғысында жазылған мақала ілгері басуымызға, ұлт ретінде өткенімізді ойға оралтып, игі жетістіктерге жетуімізге жол ашары анық.

Әбдіманап Бектұрғанов,

Қазақстан Республикасы Парламенті

Мәжілісінің депутаты

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше